Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар



бет25/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   77
5.Лекциялық кешен

1.Ациклді алкалойдтар және бүйір тізбегінде азоты бар алкалойдтар. Алкалойдтардың бұл топтары Sphaertophysa salsula (Pali.) DC, Ephedra equisetina Bunge; Capsicum annuum L, Colchicum speciosum Stev. өсімдіктері мүшелерінде кездеседі. Осылардың ішінен біз толығырақ Ephedra equisetina-ға тоқталып өтейік.
Қырықбуын қылша (Ephedra equisetina - хвойник хвощевый).
Ксерофитті бұта биіктігі - 1-1,5 м, өркендері әртүрлі жаста; бірінші реттегі бұталары діңінен (ствол) тік бағытта өседі, олардан өз кезегінде екінші реттегі бұталар, т.с.с. өркендері 1-2 жаста әлі жасыл көк қалпында қалады, сосын олар сүректеніп, сүр қабықпен жабылады.
Қырықбуын қылша, негізінен, Орта Азия және Қазақстан тауларында (Жоңғар Алатауы, Іле Алатауы, Орталық және Батыс Тянь-Шань, Памир-Алтай) кездеседі. Таулардың ашық ұсақ тасты беткейлерінде өседі, теңіз деңгейінен 1000-1880 м биіктікке дейін көтеріледі. Өндірістік дайындау Алматы, Жамбыл облыстарында жүргізіледі. Олар өскен жерлер ауданы ондаған және жүздеген гектар болуы мүмкін.
Химиялық құрамы.
Қылша түрлерінің барлық мүшелерінде алкалойдтар: L-эфедрин, D-псевдоэфедрин және L-N-метилэфедрин болады. Псевдоэфедрин дегеніміз - эфедриннің оптикалық изомері. Эфедрин фенилалкиламиннің туындысы, ол фенилаланиннен пайда болады. Ал енді қырықбуын қылшасын жеке алып қарайтын болсақ, қырықбуын қылшасының шикізаты, негізінен, эфедрин алкалойдын алуға пайдаланылады. Өркендерінде 11%- ға дейін илік заттар, жемістерінде мол аскорбин қышқылы болады.
Медицинада сүректенбеген жасыл-көк өркендерін пайдаланады, оларды көкек айынан мамыр айының ортасына дейін, сосын шілденің басынан қазан айының соңына дейін жинайды. Жинағанда тек орақпен жасыл-көк өркендерін ғана кесіп алады, өздігінен қалпына келу мүмкіншілігі сақталуы үшін жиналған шикізатты ұзын маялап үйіп күнге кептіреді. Шикізатты жиі араластырып аударып тұру қажет.
Медицинада пайдаланылуы.
Эфедра препараттарын бронхы астмасында, рахит болғанда. қабыну ауруына шалдыққанда, безгек болғанда, есекжеммен (крапивница) ауырғанда пайдаланады. Ұйықтататын дәрілермен және наркотиктермен уланғанда ішеді. Эфедринді қантамырларын кеңейту үшін және көздің қарашығын үлкейту үшін де ішеді.
Халық медицинасында ревматизмді, асқазанның жарасын, малерияны және т.б. ауруларды емдеуге пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет