Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар


Пиридинді және пиперидинді алкалойдтар



бет27/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   77
5.Лекциялық кешен

3. Пиридинді және пиперидинді алкалойдтар.
Пиридиннің туындылары табиғатта кеңінен таралған. Оған бірқатар алкалойдтарды жатқызады. Пиридиннің өзі көптеген дәрілік препараттарды синтездеуге пайдаланылады.
Пиридинге және пиперидинге жататын алкалойдтар:
1. Кониум - Conium maculatum L (Аріасеае тұқымдасы) өсімдігінің улы жемістерінде болады.
2. Изопеллетьерин - Punica granatum L (Punicaceae тұқымдасы) өсімдігінің қабығының алкалойдтарының бірі.
Ол ішек құртына (противоглистное) қарсы қолданылады.
Никотин - темекі өндірісі қалдықтарынан алады.
Анабазин -Anabasis aphylla L. (Chenopodiaceae).
Лобелин - Lobelia inflata L. (Lobeliaceae).
Мимозин - Mimosa pudisa L. (Fabaceae).
Осы аталған өсімдіктердің ішінде біздің Қазақстанда кеңірек таралғаны - Anabasis aphylla L. - итсигек (ежовник безлистый), жартылай бұта биіктігі - 20-70 см, ұзын кіндік тамыры бар. Сабақтары қарама-қарсы бұтақтанған, бұтақтары мүшелі (членистые). Жоғарғы жағында өсімдік жасыл-көк, шөптесін, күзде түбіне дейін өліп қалады. Дамыған жапырақтары жоқ, олардың орнында қысқа қынапшалары бар. Гүлдері майда, қосжынысты, олар жеке-жеке гүл жапырақтарының қойнауларында орналасқан, масақ тәрізді гүлшоғын құрайды. Гүл серіктері (околоцветник) тостағанша тәрізді, үш сыртқы және екі ішкі жапырақшалардан тұрады. Сол сыртқы гүл серіктерінен жемістің дөңгелек-бүйрек тәрізді сарғыш немесе қызғылттау қанаттары дамиды. Жемістері - жидек тәрізді, қанатты. Шөптесін өркендері бұталарда сәуір айынан шілдеге дейін дамиды. Сосын гүлдей бастайды. Итсигектің жинап алғаннан кейін жер үсті мүшелерін қалпына жылдам келтіре алатын қасиеті бар.
Итсигектің негізгі өндірістік дайындалуы Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында жүргізіледі.
Химиялық құрамы.
Өсімдікте 2-3% алкалойдтар болады, олардың ішінде негізгісі анабазин. Анабазин - бұл сұйық алкалойд. Алкалойдтар жиынтығында анабазиннің үлесі - 60%. Өсімдікте, органикалық кышқылдарда молынан кездеседі.
Дәрілік шикізаты.
Бұтаның жасыл-көк бөліктерін - біржылдық өркендерін жемістерінде қанат тәрізді өскіншелер пайда болғанша бүкіл жаз бойы жинауға болады. Кесіп алынған шөпті кішкентай шөмелелер жасап, шамалы кептіреді, сосын күнге кептіреді. Алынған шикізатты механикалық өңдеп туралайды. Осылай өңделген шикізат ұзындығы – 2 - 4 см, жуандығы 3 мм шамасында болады. Шикізаттың түрі сұр-жасыл көк, иісі бар, дәмін көруге болмайды, өйткені улы.
Пайдаланылуы.
Итсигек шикізатынан екі препарат:
1. Анабазин гидрохлориді (Anabasin hidrochloridum) таблетка түрінде 0,003 г темекіден бас тартып қою үшін ішеді.
2 Анабазин сульфаты, белгілі инсектицид анабазиннен тотықтыру арқылы никотин қышқылын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет