Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар



бет29/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   77
5.Лекциялық кешен

Қара меңдуанадан негізінен азаптанатын - жас балалар. Балалар өте жиі меңдуана тұқымдарын көкнәр (Papaver) тұқымдарымен шатастырып жеп қояды. Ал меңдуананың етті тамырын көкөністің (овощи) тамырларымен шатастырады.
Дәрілік шикізаты.
Жапырақтарын екі рет жинауға болады. Жапырақтарының ұзындығы 30 см-ге дейін болады. Жапырақтарының түрі - сұрлау-жасыл және бас жүйкесі - жалпақ. Иісі сүйкімсіз, есеңгірететіндей. Алкалойдтар мөлшері 0,05%-дан кем емес. Екпе меңдуананы гүлдеу кезінде жинап дайындауға болады. Тек кептірер алдында оларды мөлшерін 4 см етіп кеседі.
Пайдаланылуы.
Меңдуана жапырақтарының ұнтағы Астматол препараты құрамына кіреді. Ал Астматол препараты бронхы астмасы ауруына карсы пайдаланылады. Меңдуана майы (Oleum Hyoscyamus) - меңдуана майының экстракті, буын ауырғанда ауруын басу үшін сіңіре жағады.
5. Хинолизидинді алкалойдтар.
Құрамында хинолизидин сақиналары бар алкалойдтарға лупинин және күрделірек құрылысы бар спартеин алкалойдтары жатады.
Өсімдіктерде лупин алкалойдтарының жол салушысы (предшественник) - лизин аминқышқылы. Лизин аминқышқылының екі молекуласынан алдымен диальдегид, ал одан кейін ол қалпына келіп, лупиннің хинолизидинді құрамы түзіледі. Содан кейін лизиннің тағы бір молекуласы қосылып тетрациклді қосылыс пайда болады. Ол қосылысты спартеин алкалойды деп атайды.
Хинолизидинді алкалойдтар көптеген дәрілік өсімдіктер құрамында болады. Кейбір өсімдіктерде лупинин және спартеин алкалойдтары, ал басқаларында олардан да күрделірек құрылысты хинолизидинді алкалойдтар болады. Олардың ішінде негізгілері: Sorhora расһусаrpa С.А (Fabaceae), Thermopsis Lanceolata R. Br. (Fabaceae), Securinega sufriticosa (Pall) Rehd (Euphorbiaceae), Nuphar luteum L (Nymphaeceae); Huperzia Selago L., Lycopodium Selago L (Lycopodiaceae). Бұлардың ішінен Қазақстанда кездесетін гүлді өсімдіктерге жататын Thermopsis Lanceolata-ғa толығырақ тоқталып өтейік.
Тhermopsis Lanceolata R. Br. - Fabaceae тұқымдасынан, термопсис ланцетный - улы жыланбұршақ.
Көпжылдық шөптесін өсімдік биіктігі 30 см-ге дейін. Сабақтары аз бұтақтанған, түктенген. Гүлдегенге дейін түктері қисайып жабысқан, гүлдегеннен кейін түктері көтерілген ақшыл түсті.
Жапырақтары кезек-кезек орналасқан, қысқа сағақты, үшқұлақ күрделі екі ірі ланцет сияқты жапырақ серіктерімен, жапырақшалары сопақ-эллипс сияқты немесе жалпақ кері жұмыртқа тәрізді, ұзындығы - 3-6см, шеттері бүтін, төменгі жағы қалың түктенген. Гүлдері сары екі ерінді күлтесімен.
Гүлшоғы - ірі жоғарғы шашаққа жинақталған. Жемістері -ұзын, жалпақ қысылған, ашық-қоңыр түсті бобтар (бұршақтар).
Маусым-шілде айларында гүлдейді. Шілде-тамыз айларында жеміс береді.
Дала және орманды-дала аймақтарында Сібірде және Қазақстанда өседі. Қазақстанда, негізінен Солтүстік-Шығыс Қазақстанда далалық аймақта ірі-ірі массивтерде кездеседі.
Химиялық кұрамы.
Улы жыланбұршақта алкалойдтар мөлшері шамамен 2,5%, оның ішінде термопсин, гомотермопсин, метилцитизин, пахикарпин, апагирин. Термопсин және апагирин - изомерлер.
Гомотермопсин термопсинге қарағанда сутектендірілген қосылыс.
Алкалойдтардан басқа улы жыланбұршақта сапониндер, илік заттар және қарамайлы заттар, қоймалжың заттар (слизь), эфир майларының іздері және 300 мг/100 г дейін аскорбин қышқылы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет