III.Кеміргіштер отряды (Rodentia bowditch, 1821).
Кеміргіштер - әр түрлі орта жағдайында тіршілік етуге бейімделген жануарлар.
Кеміргіштердің шаруашылықта алатын орны ерекше. Олардың біразы аса бағалы терісі үшін ауланса, кейбіреулері ауыл, орман шаруашылықтарының зиянкестері, әр түрлі ауруларды таратушылар болып саналады.
Қазақстанда кеміргіштер отрядының бағалы терісі үшін ауланатындарға мыналарды жатқызуға болады:
1).кәдімгі тиін (обыкновенная белка) – Sciarus vulgaris Linnacus, 1758;
2).дала суыры (степной сурок) – Marmotа bobas Muller, 1776;
3).сұр суыр (серый сурок) – Marmota baibacina Kastschenko, 1899;
4).көк суыр (сурок мензбира) – Marmota menzbieri Kaschkarov, 1925;
5).қызыл суыр (длинохвостый сурок) – Marmota caudata Jacquemont, 1844;
6).кәмшат (перной бобр) – Castor fiber Linnаeus, 1758;
7).саз кәмшаты (нутрия) – Myocastor coypus Molina, 1782;
8).алып көртышқан (гигантский слепыш) – Spalax giganteus Nehring, 1898;
9).Алтай бұзаубасы (алтайский цокор) - Myospalax.
Қоянтәрәзділер отряды (Lagomorpha Brandt, 1855).
Бұл отряд өкілдері барлық құрлықта таралған. Кейбір түрлері кәсіптік және әуесқойлық жолмен ауланады. Қазақстанда бұл отрядтың 2 тұқымдасына (қояндар, шақылдақтар) жататын өкілдері мекендейді.
Қояндар тұқымдасынан еті, терісі мен түбіті үшін ақ қоян (Lepus timidus Linnaeus, 1758) кәсіптік жолмен ауланады, ал құм қоян (Lepus tolai Pallas, 1778) жеңіл еті үшін әуесқойлық жолмен ауланады, аталған қояндардың таралуына келетін болсақ, ақ қоян түрлі ағаштар, бұталар өскен орман, су бойындағы тоғайларды мекендейді. Негізінен ақ қоян Қазақстанда солтүстік және таулы солтүстік-шығыс аудандарда мекендейді. Әсіресе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Павлодар облыстарында орманды далаларында және Қарағанды, Шығыс Қазақстанның тауларында. Ал Батыс Қазақстан, Орал, Алматы облыстарында кең таралғанымен саны онша көп емес. Ал құм қояны Қазақстанның Батыс, Оңтүстік, Шығыс аймақтарында таралған. Сексеуіл, қоянсүйек, теріскен және басқа бұталар өскен құмды жерлерде, ши, жыңғыл, шеңгел өскен тоғайларда, өзен, көл маңында, шалғындықтарда, ағаш, бұта өскен тау жоталарында мекендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |