Дәріс №1 Пәнге кіріспе. Отандық тарихты оқудың


Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы



бет26/41
Дата09.09.2022
өлшемі174.91 Kb.
#460513
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41
Д ріс №1 П нге кіріспе. Отанды тарихты о уды

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы. Қазақстанда президенттік басқару формасындағы республикалық жүйе орнықтырылды. Мынадай конституциялық ережелер: мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы ретіндегі халық; мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуі; халық қабылдаған Конституцияның үстемдігі мен жоғары заңдық күші. Конституцияға сәйкес халық пен мемлекеттің атынан сөйлеу құқығы Қазақстан Республикасының Президенті мен Парламентіне тиесілі. Президент сияқты Парламент халық атынан сөйлей отырып, халықтың еркі мен мүдделерін білдіреді. Тек осы тұрғыда ғана халықтың атынан сөйлеу Конституциялық негізде болып табылады. Заң шығарушы қызмет - Парламеттің айрықшы құқығы. Конституцияда көзделген айрықша жағдайларда ғана Президент заң шығарушылық құқықты пайдалана алады. Республикалық басқару жүйесі мұрагерлік билікті немесе мемлекеттік билікті ұзақ уақыт бойына иеленуді мойындамайды. Президент жалпыға бірдей, тең және төте сайлау негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайланады. Белгілі бір тұлға қатарынан екі мерзімнен көп уакытқа ҚР-ның Президенті болып сайлана алмайды. Мұндай шектеу Қазақстан Республикасның Тұңғыш Президентіне қолданылмайды.
Мәжіліс депуттары бес жылға сайланады. Сенет депутаттарының бір бөлігі үш жылға, екінші бір бөлігі алты жылға сайланады. Мәслихатқа-жергілікті өкілдікті органдарға депутаттар төрт жылға сайланады. Конституция бойынша мемлекеттік қызметке жас шегі белгіленген. Мемлекеттік басқару жүйесі халықтың ерік-жігеріне негізделеді. Ол мемлекеттік органдарды азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, оларды мемлекеттің мүдделерімен келістіруге бағдарлайды. Бұл орайда адам құқықтарының, бостандықтарының басымдығы қамтамасыз етілуге тиіс.
Қазақстан Республикасының Парламенті – заң шығару міндетін атқаратын Жоғарғы өкілетті орган болып табылады. Парламент екі құрылымнан тұрады: Жоғарғы палата – Сенат, Төменгі палата – Мәжіліс. Сенатты әр облыстан, республикалық маңыздағы қалалардан және мемлекет астанасынан екі адамнан сайланатын депутаттар құрайды. Парламент өкілеттігінің мерзімі 4 жыл.
Үкімет атқару билігінің жоғарғы органы болып табылады. Үкімет басында Премьер-министр тұрады.Оны республика Парламентінің келісімімен Президент тағайындайды. Үкімет мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын белгілейді, оның қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін, қоғамдық тәртібін қамтамасыз етеді. Үкімет өз қызметі үшін Президент алдында жауап береді және өз өкілдігін жаңадан сайланған Президент алдында тоқтатады.
Сот жүйесі қызметін Жоғарғы сот және жергілікті сот органдары жүзеге асырады. Қазақстанда әділет органдарын реформалау жөніндегі негізгі жетістіктер «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және соттардың мәртебесі» Конституциялық заңында көрсетілген. Бұл заң 2000 жылдың 25 желтоқсанында қабылданды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі Жоғарғы сот органы болып табылады. Конституциялық заңдардың орындалу бақылауын Конституциялық Кеңес жүргізеді. Ол алты жылға сайланатын жеті мүшеден тұрады. Бұның сыртында Республика экс-президенттері Конституциялық Кеңестің өмірлік мүшелері болып табылады.
Жергілікті жерлерде мемлекеттік басқару жергілікті өкілетті және атқаратын органдарының еншісінде. Жергілікті өкілетті органдар – мәслихаттар – сол әкімшілік-аумақтық бірлік жұртшылығының қалауын білдіреді. Жергілікті атқару билігін облыстық әкімшіліктер – облыс әкімдері басқарған әкімдіктері жүргізеді. Облыс әкімдерін Премьер-министрдің ұсынуы бойынша Президент тағайындайды. Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің Ата заңы 1993 жылдың 28 қаңтарында бірінші Конституция бекіген болатын. Тәуелсіз жас мемлекеттің қалыптасуында ол белгілі бір тарихи рол атқарды. 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда жаңа конституция қабылданды. 1998 жылы ел президентінің бастамасымен парламент Конституцияға 2 шақты өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Бұл толықтырулар парламенттің өкілдігін, қоғамдық өмірдің демократиялық негіздерін кеңейтті.
Конституция бойынша, Қазақстан Республикасы – президенттік басқару формасындағы біртұтас мемлекет. Президент елбасы болып табылыды. Президентке кең өкілдік берілген. Ол Үкіметті қалыптастырады, Парламенттің келісімімен Премьер-министрді тағайындайды, оны қызметінен босатады. Президент Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Жоғарғы қолбасшысы болып табылады. 1991 жылы елдің алғаш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Конституция бойынша президент бес жылға сайланады, бірақ 1998 жылы Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес, бұл мерзім жеті жылға дейін ұзартылды. 1999 жылы Президенттің кезектен тыс сайлауы болды, онда Н.Ә. Назарбаев жеңіске жетті. 2000 жылдың 27 маусымында Қазақстан Республикасы Парламентінің бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Бұл заң Республика басшысының өмірлік мәртебесін анықтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет