Дәріс №1 Пәнге кіріспе. Отандық тарихты оқудың


Әлемдік-тарихи үдерістер мән-мәтініндегі Қазақстанның қазіргі заман тарихы



бет3/41
Дата09.09.2022
өлшемі174.91 Kb.
#460513
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Д ріс №1 П нге кіріспе. Отанды тарихты о уды

3. Әлемдік-тарихи үдерістер мән-мәтініндегі Қазақстанның қазіргі заман тарихы. Қазақстанның қазіргі заман тарихы жоғарғы және (немесе) жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 ж. 27 шілдесіндегі Заңының 5-бабының 5.2 тармақшасына сәйкес әзірленді және оқытудың мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын, әдістерін айқындайды. Қазақстанның қазіргі заман тарихын зерделеу негізінде алынған білім арқылы, студенттің тарихи санасын қалыптастыруға арналған. Қазақстанның қазіргі заман тарихының көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, мемлекеттің біртұтас сипатын көрсету, қоғамдық сананы қалыптастыру, ұлттық идеология, азаматтардың жасампаздық белсенділігін дамыту, елдің зияткерлік әлеуетін көтеру осы пән шеңберінде жүзеге асырылады.
4. Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуі. Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихи деректері мен тарихнамасының талдануы.
Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңдері:

  1. XX ғасыр басындағы Қазақстан және қазақ зиялылары

  2. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының құрылуы, Қазақстанның Одақтас Республикаға айналуы.

  3. Тәуелсіз Қазақстанның өмірге келуі

  4. Азаматтық қоғам құруға ұмтылыстар. Рухани жаңғыру қазақстандықтардың алға қойған ұлы мақсаттарының бірі.

Тарихнама өте күрделі мәселе. Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихнамасы осы кезеңге байланысты жазылған еңбектер. Яғни, Қазақстанның қазіргі заман тарихы қай кезеңді қамтиды, сол кезеңге арналған шығармалар, солардың ішінде: Б. Аяған, Ә. Ауанасова, А. Сулейменов біріккен авторлығымен жазылған “Қазақстанның қазіргі заман тарихы (1991-2014 жж.)” деген еңбек жарық көрді. Бұл еңбекте тарихи құжаттардан үзінділер, мұрағат деректері тағы басқа ақпараттық мәліметтер бар.


Сондай-ақ біз тарихшылар Асылбеков М.Х., Алдажұманов Қ.С., Байпақов К.Б., Исмағұлов О.И., Көмеков Б.Е., Қозыбаев М.Қ. (бас редактор) т.б. біріккен авторлығымен жазылған Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Бес томдық) еңбегін басшылыққа аламыз. Бұл ғылыми жұмыстың алғашқы томдары Қазақстан тарихының ежелгі және орта ғасырларына арналғанымен оның Алдажұманов Қ.С. (жауапты редактор), Асылбеков М.Х., Әбілғожин Ж.Б., Байпаков К.М., Бұрханов К.Н., Исмағұлов О.И., Көмеков Б.Е. т.б. біріккен авторлығымен жазылған 4,5 томдары біз қарастырып отырған Қазақстанның қазіргі заман тарихы кезеңіне сәйкес келеді.
4-том 1917-1985 жылдардағы ‒ Қазақстанның кеңестік кезеңдегі тарихына арналған. 5-том 1985 жылдан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихына арналған. Бұл екі томда Қазақстанның қазіргі заман тарихының өзекті мәселелері кең ауқымда қарастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет