Дәріс №1 Пәнге кіріспе



бет18/34
Дата19.05.2022
өлшемі373.37 Kb.
#457745
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34
350127 (1) (1)

Дәріс № 8,2
1.Президенттің ел халқына Жолдауы: «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» және оның маңызы.
2. ХХІ ғасырдағы экономиканың қазақстандық үлгісі.
3. ЭСПО-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңызы.


1.Еліміздің жеке мемлекет ретінде қалыптасуына көз салсақ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған әр жылғы Жолдауы әрбір белесті бағындырудағы басты бағыт- бағдары деуге толық негіз бар.2004 жылы 19 наурызда –« Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» Жолдауы жария етілді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің аталған Жолдауында атап өткендей «экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндет болып табылады. Елбасымыз 2005 жылы экономиканы дамытудың негізгі бағыттарына келесілерді жатқызды:

  • Экономиканы одан әрі ырықтандыру және жүйелі реформаларды жалғастыру арқылы бәсекелестікті дамыту мен бюрокритизациялау;

  • Қазақстан экономикасының ашықтығын күшейту;

  • Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру;

  • Ауылды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру;

  • Инфрақұрылымды дамытуды ееркше атап өтті.

Бұл Жолдауда үкімет ырықтандыру мен табиғи монополиялар салаларын: телекомуникацияларды, элект энергиясын, темір жолдарды қайта құрылымдау бағытындағы жұмысты жандандыруы керек.
Біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттігіне оны әлемдік экономикаға интеграцияланған жағдайда ғана қол жеткізе аламыз. Сондықтан да Қазақстан Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі және оның талаптарына сай болуы қажетті. Өйткені сауда ұйымына кірісімен біздің отандық өндіріс салалары бәсекеге төтеп бере алмай жаппай құлдырауға ұшырауы мүмкін. Сонлықтан жедел түрде ұлттық шаруашылықтың бәсекеге қабілетін арттыру қажеттігі туындап отыр, ол үшін өнеркіптің өңдеуші жоғары технологиялы салаларын дамыту күн тәртібіндегі шешуді қажет ететін мәселенің бірі екені бәрімізге белгілі. Ал мұны шешудің бірден бір жолы ұлттық экономиканы индустриялы-инновациялы ел ретінде қалыптастыру, отандық өнеркәсіп өнімдерінің шикізатқа тәуелділігінен құтылуға жол ашу болып табылады.


2. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда алғашқы жылдардағы кездескен көптеген қиыншылықтар мен қайшылықтарға қарамастан экономиканы дамытуда, әлеуметтік мәселелерді шешуде біршама жүмыстар атқарылды және елеулі табыстарға қол жетті. Соның нәтижесінде біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан алдыңғы қатарға шығып отыр. Қазақстан бүгін әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі саналады. Еліміз әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына ену жөніндегі міндеттерді шешуде айтарлықтай ілгері жылжыды. Біздің мемлекет тәуелсіздіктің он алты жылында экономикалық, әлеуметтік қуатты реформаларды жедел де тиімді іске қосып, қай салада да ТМД елдері ішінде көшбасшы атанды.
Соңғы бірнеше жылға созылған құлдыраудан кейін, 2010 жылдан бастап алғаш рет инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесінің өсуі байқалды, кәсіпорындардың технологиялық инновацияларға жұмсаған шығыстары 2 еседен астамға артып, 219 миллиард теңгеге жетті. Инновациялық белсенді кәсіпорындардың ең жоғары үлесі Жамбыл облысында – 7,8 пайызға, Қарағанды облысында – 7 пайызға, Шығыс Қазақстан облысында – 6,4 пайызға өсіп отыр. Ал Ақмола облысы (0,7 пайыз) мен Алматы облыстарының (0,9 пайыз) үлесі республикалық орташа көрсеткіштен әлдеқайда төмен.
«Индустриялық-инновациялық қызметті мелекеттік қолдау туралы» заң жобасында инновациялық қызметті жүйелі қолдаудың заңнамалық негізі қаланды. Мысалы, жер қойнауын пайдаланушылардың табыстарының 1 пайызын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға міндетті аударуы туралы заң жобасында қарастырылған тармақ ірі бизнесті инновациялық қызметке тартуға мүмкіндік береді.
2020 жылға дейінгі кезеңде Үкіметтің ел экономикасын дамытуда басты бағдарға алатын құжаты, Стратегиялық даму жоспары болады. Осы онжылдық бас жоспар екі бесжылдық кезеңге бөлініп жүзеге асырылмақ. Алғашқы кезеңде 2010-2014 жылдарға арналған Индустриалды-инновациялық жедел даму бағдарламасы қолға алынды. Әрине, ол жалғыз болмайды Индустриалды-инновациялық жедел даму бағдарламасы 2015 жылға қарай жалпы ішкі өнімді 7 триллион теңгеге дейін жеткізуді көздеді. Және экономиканың басты салаларының ешбірінің кенжелеп қалмай, төрт аяғынан тең дамуын қамтамасыз етуге тиіс.
XXI ғасырдың екінші он жылдығын бастан өткеріп жатқан, 2050-ге қарай бағыт алып, желкені жазылған кемедей болашаққа асыққан Қазақстан қазіргі заманғы экономикаға, оның түрлі қиыншылықтарына толықтай бейімделіп, әлеуметтік жағынан тұрақты дамып, қоғам азаматтарының әл-ауқаты артып, жағдайы күннен күнге жақсарып келеді. Әлеуметтік жағынан тұрақты, орнықты экономика қалыптастыру Қазақстан экономикасының негізгі міндеті мен мақсатына айналғалы біраз жылдар болды. Қазақстан әлемдегі айтарлықтай тұрақты және үдемелі дамып жатқан елдердің бірі болып табылады. Біз тұрақты экономикалық өсу жолымен одан әрі алға жылжи береміз және бізді ешкім тоқтата да алмайды, бұл жолдан қайтара да алмайды. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы халыққа жолдаған Жолдауында үкіметке 2015 жылы жанбасына шаққанда ІЖӨ 14 000 АҚШ долларына жеткізуді міндеттеді. Мұның өзі тұрақты экономика қалыптастыруға президентіміздің бұдан да жоғары белсенділікпен кіріскенін көрсетеді. 


3. Экспо 2017 - Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) ұйымдастырған Халықаралық көрме. Көрме 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өткен. Ұйымдастырушылары таңдаған тақырып - Future Energy (Болашақ қуат). ЕХРО 2017 көрмесіне 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысты. Көрмені тамашалауға 3 млн адам келді.
EXPO бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаhандық ауқымдағы оқиға.
1851 жылы Лондонда өткен бірінші Бүкіләлемдік өнеркәсіп көрмесінен бастау алған EXPO халықаралық көрмесі әр жыл сайын зор танымалдыққа ие болып, барлық қатысушыларға әлемнің экономикалық, технологиялық және мәдени жетістіктерімен танысуға тамаша мүмкіндіктер беріп келеді. Көрме сондай-ақ инновациялық идеялар алмасу және болашаққа қатысты ұжымдық көзқарас мүмкіндіктерін сенімді көрсету үшін ерекше алаң болып табылады. Қазақстан 1997 жылдан бастап Халықаралық көрмелер бюросына мүше ел болып табылады және ЕХРО көрмелеріне 2005 жылдан бастап қатысып келеді. Испанияның Сарагоса ЕХРО-2008 көрмесінің қорытындысы бойынша «C» категориялы 104 қатысушы ел ішінде, біздің еліміздің павильоны сыртқы және ішкі рәсімдеу өлшемдері бойынша қола медальмен марапатталды.
2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды.
EХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін берді.Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу шағын және орта бизнестің дамуына елеулі серпін берді. Көрме елорданың көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына едәуір жеке меншік инвестицияны тартуға мүмкіндік туғызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет