Дәріс №1 Тақырыбы: Ғылыми зерттеу: мәні, негізгі сипаттамасы. Ғылыми іс-әрекеттегі зерттеу Дәріс жоспары



Pdf көрінісі
бет11/39
Дата25.09.2024
өлшемі0.54 Mb.
#504009
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39
Лекция (1)

2. Зерттеу тақырыбының өзектілігі 
Зерттеу тақырыбының өзектілігі дегеніміз - қазіргі кезеңдегі қоғамның 
халықтық білім беруге, мәселенің ғылыми әдебиеттерде өңделуіне, мектеп 
тәжірибесіндегі оның жағдайына қойылатын талаптардың бейнеленуі.
Таңдалған тақырыптың өзектілігін негіздеу кез-келген зерттеудің 
бастапқы кезеңі болып табылады. Өзектіліктің бейнеленуі көп сөзбен 
жеткізілмеу керек. Оны бейнелеуде алыстан бастаудың қажеті жоқ. Оның 
маңыздылығы, яғни мәселелік ситуацияның және тақырып өзектілігінің 
неден көрініс беретіндігін машиналық жазумен бір бетпен жеткізген 
жеткілікті. 
Кез-келген ғылыми зерттеу жаңа құбылыстарды тану үдерісіндегі 
белгілі қиындықтарды жою үшін, бұрын белгісіз болған фактілерді түсіну 
үшін және танымдық емес фактілерді түсіндірудің ескі жолдарының 
толық еместігін көрсету үшін жүргізіледі. Бұл қиындықтар ғылыми білім 
танымның жаңа міндеттерін шешуде жеткіліксіз болған жағдайда айқын 
көрініс береді. 
Зерттеу өзектілігін негіздеудің бірнеше жолдары бар:
- жеке фактілер бойынша тәжірибедегі мәселенің күйі және тақырып 
анықталады;
- автор немесе өзге ғалымдар орындаған зерттеудің мәліметтері 
талданады;
- қолымызда фактілер бар, қандай да бір нәтиже беретін себептер 
анықталады (мысалы, компьютерлік оқытуды ендіру төменгі сынып 
оқушыларының интеллектуалдық сфераларының дамуына қалай әсер етеді
осыдан барып өзектілік туындайды);
- тәжірибенің даму тенденциясы, оның қажеттіліктері талданады; 
- тәжірибенің және теорияның қажетіліктерін анықтау жолы бойынша 
негіздеу жүреді. 
3. Зерттеу өзектілігін дәлелдеу бағыттары 
Барлық аталған бағыттар біржақты немесе шектеулі. Мысалы, егер тек 
қана тәжірибенің қажеттілігінен ғана бастасақ, онда осы мәселенің теорияда 
шешілген мәселе екендігін аңғармай қалуымыз мүмкін. 
Зерттеу өзектілігін дәлелдеу бағыттары: 
- адамдардың көпшіліктері осы зерттеуді жүзеге асыру қажеттілігін 
каншалықты қалайтындығын анықтау; 
- осындай қажеттіліктер қоғамда бар ма; 
- тәжірибенің жағдайы қарастырылады, егер қажеттілік бар болса, онда 
осы мәселенің тәжірибе арқылы қаншалықты қанағаттанатынын анықтау; 


- ұсынылған мәселелердің теориядағы өзектілігі анықталады. 
Мысал ретінде, тақырып өзектілігін негіздеуді теорияның дамуының 
қажеттілігімен қалай жүзеге асатындығын қарастырып көрейік. Келесі 
бағыттар ұсынылады:
1) әдісті қарастыру негізінде қандай да бір толықтырулар енгізуді табу;
2) зерттелген және зерттелмегендерді ашу және объектіні дамытудың 
қажеттілігін анықтай отырып, зерттеу жүргізудің қажет екендігі туралы 
қорытынды жасау;
3) осы кезге дейін мәселе қандай теориялық позициялармен 
шешілгендігін қарастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет