Дәріс №1 Тақырыбы: Ғылыми зерттеу: мәні, негізгі сипаттамасы. Ғылыми іс-әрекеттегі зерттеу Дәріс жоспары



Pdf көрінісі
бет13/39
Дата25.09.2024
өлшемі0.54 Mb.
#504009
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39
Лекция (1)

2. Зерттеу мақсатын қою 
Зерттеудің басында ізденістің жалпы нәтижесін, оның мақсатын нақты 
елестете білген жөн және мақсат қою операциясын жүргізу керек. Зерттеу 
мақсатын қою – бұл педагогикалық шындықтың оптимальды мүмкіндіктерін 
таңдау. Педагогикалық мақсат педагогикалық идеал мен педагогикалық 
шындықтың шынайы процестері мен құбылыстарының қайта жасалуының 
потенциалды резервтерін салыстыруға негізделген алдын-ала көре білу 
нәтижесі болып табылады.
Зерттеу мақсаты - ізденістің соңғы және аралық нәтижелері туралы 
негізделген елес. Зерттеу міндеті жүйесіндегі жалпы мақсатты анықтау 
зерттеудің маңызды және қажетті кезеңі болып табылады. 
Міндет мақсатқа жетудің қадамы, кезеңдері. Міндет - бұл нақты 
ситуацияны қайта жасау мақсаты немесе нақты мақсатқа жету үшін өзінің 
қайта жасалуын талап ететін ситуация. Міндеттердің негізгілерінің арасынан 
ең маңыздысын бөліп алу керек. Міндетті түрде міндеттердің үш тобы бөліну 
керек. 
Міндеттер: 
Тарихи-диагностикалық - тарихты зерттеумен және мәселенің қазіргі 
жағдайын зерттеумен, ұғымдарды анықтаумен, зерттеуді жалпы ғылыми 
және педагогикалық негіздеумен байланысты. 


Теориялық-моделдеуші - зерттелетін нәрсенің құрылымын, мәнін 
ашумен, оны қайта жасау факторларымен, құрылым модельдері мен оларды 
қайта жасаудың тәсілдерімен байланысты. 
Тәжірибелік-қайта жасаушы - педагогикалық процестерді рационалды 
ұйымдастырудың 
әдістерін, 
тәсілдерін, 
құралдарын 
өңдеу 
және 
пайдаланумен, практикалық ұсыныстар жасаумен байланысты. 
3. Міндеттерді қою 
Дұрыс құрылған міндеттердің баспалдағы ізденістің «жолын» 
анықтайды. Мақсатқа жету үшін қандай міндеттерді құру керек екендігін 
анықтайды. Пайда болған мәселені және оның практикада қолданылу 
жағдайын бағалау негізінде мәселе қойылады, ол әдебиеттермен кең танысу 
арқылы жүзеге асады. Әдебиет көздерін меңгеру кезінде келесілер анықталу 
керек: автордың негізгі ойы, оның зерттелетін мәселеге қатысты 
позициясы; оны зерттеу кезінде автор әсіресе не істей алды; оның 
позициясы дәстүрліге қарағанда несімен ерекшеленеді, осы мәселені 
зерттеуде ол қандай жаңалық ендірді; автордың қандай идеялары жақсы 
аргументтелген, қайсысы дұрыс аргументтелмеген; қандай идеялар, 
қорытындылар, ұсыныстар қарсылық тудырады және неліктен; оның 
жұмысында қандай негізгі мәселелер көрініс таппады. 
Мектеп тәжірибесі туралы әдебиеттерді талдау кезінде келесілер 
анықталады: осы мәселені шешу кезінде мұғалім нені жақсы орындай алды; 
оны шешуде ол қандай қиындықтарға кез болды, осы мәселеге байланысты 
оқытушы жұмысында қандай типті кемістіктер кездеседі; қиындықтар мен 
кемістіктердің негізгі себептері неде; мұғалім уақытының бюджеті қалай 
жұмсалады, ол қаншалықты рационалды. 
Аталған екі бағыт бойынша әдебиеттерді меңгеру нәтижесінде 
зерттеудің алғашқы міндеттері құрылады.
Зерттеу міндеттері ғылыми мәселенің сипатына байланысты және 
келесідей мазмұндардан тұруы мүмкін: теориялық міндеттерді шешу; осы 
мәселені шешудің практикасын экспериментальді зерттеу; оның типтік 
жағдайы кемшіліктер мен қиындықтар сипаты, олардың себептері, озат 
тәжірибенің сипаты. Мұндай экспериментальді зерттеу зерттелетін 
мәселеге қатысты практиканың жағдайы туралы әдебиеттердегі бар 
материалдарды анықтап тексереді; теориялық міндеттерді шешудің 
шараларын өңдеу және оларды экспериментальді тексеру; практикадағы 
зерттеу нәтижелерін пайдаланушыларға әдістемелік ұсыныстар жасау. 
Мақсат пен міндет бір-біріне қатысты ұғымдар. Бір зерттеудің міндеті 
келесі зерттеудің мақсаты болуы мүмкін. Қойылған міндеттердің 
дұрыстығына көз жеткізу үшін зерттеу мақсатын қарастыру керек. Қойылған 
міндеттердің жиынтығы зерттеу мақсатын құрайды. Танымал теориялық 
концепцияның негізінде нақты міндеттер қойылады: әдебиет көздеріндегі 
тәжірибені көрсету, мұғалімнің оқушылармен жұмысындағы кемшіліктер 


мен қиындықтарды ашу, зерттеу үрдісінде оны қолдану мақсатымен озат 
тәжірибе зерттеледі, тәжірибені дамытуға арналған ұсыныстар жасалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет