Дәріс №1 Тақырыбы: Жұлынның, сопақша, артқы мидың физиологиясы

бет3/9
Дата14.09.2023
өлшемі2.53 Mb.
#477655
1   2   3   4   5   6   7   8   9
анатомия

Рефлекстік қызметі: жұлынның әр жерінде жүйке орталығы бар. Жүйке орталығы деп жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан қандай да болмасын мүшенің жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығын айтады. Мысалы, тізе рефлексі орталығы жұлынның бел бөлімінде;

зәр шығару орталығы сегізкөз бөлімінде және т.б.

Өткізгіштік қызметі орталыққа тебетін (өрлеу, қозуды миға жеткізу) және орталықтан тебетін (қозуды мидан жұлын арқылы мүшелерге жеткізу) өткізгіш жолдардан тұрады. Орталыққа тебетін өткізгіш жолдармен қозу миға беріледі. Орталықтан тебетін өткізгіш жолдар арқылы қозу мидан жұлынның төменгі бөлімдеріне, одан мүшелерге өтеді.

Жұлынның афференттік және аралық нейрондарының аксоны мен бұтақтары қабылдағыштағы қозуды миға жеткізетін жұлынның жоғарыға қарай өрлейтін жолын құрайды. Бұл жолдардың көбі жұлын ақ затының артқы және бүйір бағандарында өтеді.

Қозуды ми нейрондарынан жұлынға жеткізетін эфференттік талшықтар жұлынның төмен түсетін жолын құрады. Бұлар жұлынның алдыңғы және бүйірдегі бағандарында өтеді. Әрбір сегмент алдыңғы және артқы жұлын түбірлері арқылы дененің оған сәйкес және көршілес сегментімен байланысады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет