Сондықтан жұлынның бір тү-бірі бұзылса, не кесілсе оған сәйкес дене сегментінде сезім және қозғалыс қызметтері толығынан жойылмайды. Оның қызметін көршілес сегменттің нейрондары орындайды. Белла-Мажанди заңы бойынша жұлынның артқы түбірлері афференттік жүйкелерден , алдыңғы түбірлері эфференттік талшықтардан тұрады. Жұлында сезгіш нейрондарының саны мотонейрондарға қарағанда 5 есе көп.

Жұлын бас бұлшықетінен басқа барлық қаңқа бұлшықетін жүйкелейді. Жұлын дененің барлық күрделі қозғалыстарына қатысады. Қабылдағыштардан жұлынға түсетін ақпарат көптеген өткізгіш жолдармен жұлынның артқы және бүйірлік бағаналарымен ми орталығында орналасқан мишық пен улкен жарты шар қабығына жетеді.
Бұл серпіністер жұлын нейронына аралық және моторлық жүйкеге тежегіш немесе қозғыш әрекет көрсетіп, нәтижесінде ішкі мүшелер мен қанқа бұлшықетінің қызметін өзгертеді. Жұлынның қатысуымен зәр бөлу, жыныс мүшелер жүйесі, тік ішектін қантамырларын қозғалтқыш рефлекстерін, жүрек соғуын, асқорыту бездеріне сөл бөлінуін, қимылын реттейтін рефлекстер жүзеге асады.

Жұлынның сұр затында еттерді бүгетін, жазатын, еттің ұзаққа созылатын қатаюын (тонустық) және фазалық (кездік) жиырылуын тудыратын рефлекстер орталығы бар. Вегетативтік әрекеттерді реттейтін, қан тамырларын кеңейтіп тарылтатын, жүрек соғуын, ас қорыту бездерінің сөл бөлуін, ас қорыту жолының қимылын, несеп, жыныс жүйелері қызметін реттейтін орталықтар бүйір ашада орналасқан.