4 жас кезеңіне бөліп қарастырды. 1) балалық шақ – туғаннан бастап 6 жасқа дейін; 2)жеткіншек шақ – 6 жастан 12 жасқа дейін; 3) жастық шақ – 12 жастан 18 жасқа дейін; 4) ересектік шақ – 18 жастан 24 жасқа дейін. - 2. Мектепке дейінгі педагогиканың негізгі категориялары.
- Педагогика ғылымының негізгі ұғымдары: тәрбиелеу, оқыту, білім беру.
- Тәрбиелеу дегеніміз – алға белгілі мақсат қоя отырып, баланың психикасына жүйелі әсер ету, бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру, өмірге, еңбекке дұрыс көзқарасын қалыптастыру.
- Тәрбие – балаға екі жақта әсер ететін процесс: 1) адамгершілік нормаларды меңгерту; 2) тәртіп пен мінез – құлықтың тәжірибесін жинақтау.
- Оқыту дегеніміз - белгілі жоспар мен бағдарлама бойынша жүйелі түрде баларарға қарапайым білім беру икемділігі мен жағымды әдет – дағдыларын қалыптастыру, олардың танымдық қабілетін, қызығушылығын дамыту. Мектеп жасына дейінгі баланы оқыту оларды бастапқы қарапайым біліммен қаруландыру, ұнамды әдет – дағдылардың алғашқы нышандарына баулу, ақыл – ой қабілетін, білуге деген құштарлығын дамыту. Балалардың зейін, ес, қиялдау, ойлау, сөйлеу сияқты дүние – танымдық қабілеттерін, мақсаттылық, белсенділік, қиыншылықты жеңе білу сияқты қасиеттерін тәрбиелейді.
- Білім беру дегеніміз - жас ұрпаққа жүйелі білім негіздерін, табиғат пен қоғамның даму заңдылықтарын игерту, икемділігін, әдет – дағдыларын қалыптастыру. Мектепке дейінгі педагогикада білім беру деген түсінік қолданылмайды (үйрету ұғымы пайдаланылады), өйткені балабақшада балалар толық білім алмайды.
- Мектепке дейінгі педагогиканың
- негізгі міндеттері
- Мектепке дейінгі мекемелерде және отбасында әр жас топ балаларының жан-жақты және толыққанды әдіс-тәсілдерді, сонымен қатар технологиялық жұмысының мазмұнын анықтау
- Мектепке дейінгі баларды тәрбиелеу және оқыту, сонымен қатар жаңа технологияларды әзірлеу
- Ғылыми негізделген технологиялар және әр жастағы балалармен вариативті бағдарламаларды пайдалану
- Бастауыш мектеп пен балабақша мекемесінің білім беру іс-әрекетіндегі ғылыми ортада негізделген бірізділік
- Мектеп жасына дейінгі балалардың әр жас ерекшелігінің даму сатысының тәрбие және білім беру технологиясының мазмұнын әзірлеу
- Мектеп жасына дейінгі мемекемелерде, отбасында, әлеуметтік ортада мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың сипаттамасы
|