Дәріс №1.(1сағат) Тақырыбы: Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жүйесі



бет3/6
Дата17.06.2024
өлшемі481 Kb.
#502643
1   2   3   4   5   6
1-дәріс

Анкета әдісі зерттеуші тақырыбына сай керекті жәйттерді анықтап алу үшін немесе жүргізген жұмыстарынынқаншалықты дәрежеде тиімді немесе тиімсіз болғанынанқандай кемшіліктер жібергеніне көзіне жеткізу үшін оның әсері мен ықпалын байқау үшін анкета толтыртады.қағазғақажетті сұрақтарды жазып, белгілі адамдарға таратып береді.
  • 7Әңгімелесу әдісі арқылы зерттеуші – тәрбиеші бала тәрбиесінде белгілі бір әдістіқолдану тәсілін пайдалана отырып, балалармен сөйлесу, әңгімелесу арқылы олардың негеқызығатынын, ақыл – ойын, сөз ерекшеліктерін, айналасындағыларменқарым –қатынасын айқындайды. Әңгімелесу әдісінқолдануда оның мақсатын, тақырыбын, шартын белгілеп алады. Әңгімелесу әдісі арқылы ғана ғылыми зерттеу мәселесін шешу мүмкін емес. Оны бақылау және эксперимент әдістерімен ұштастырып жүргізу керек.
  • Жеке әңгімелесу әдісін баланың білімін, іс – әрекетін, жауапкершілігін айқындау үшін пайдаланады. Әңгіме сұрақтарын да бағдарламаға сәйкестендіріпқұрған жөн.
  • Ісқағаздарын зерттеуге балабақшаның жоспарын, есептерін, педагогтар мен тәрбиешілердің өз жоспарлары мен есептерін, бақылау күнделіктерін, балабақшадағы балалардың салған суреттерін, пластилинен, балшықтан жасаған ойыншықтарын, ойындарын, әңгімелерін және тәрбие жұмысындақолданған әдістерді, т.б. архив материалдарын зерттеу жатады.
  • Статистикалық әдіс бірнеше жылғы көптеген мәліметтерді салыстырып, жан – жақты даму ерекшелігін, артықшылығын білу үшін, (мәселен, балалардың өсу, даму, тәрбиелену,дәрежесін білу үшін, зерттеудің сандық деректердін білу үшін, орташа арифметикалық шамаларын анықтау үшін)қолданылады.
  • Педагогикалық эксперимент әдісі тәрбие тәсілін өзгерту үшін арнайы ұйымдастырылған жағдайда бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Табиғи эксперимент, лабораториялық эксперимент, жасампаз эксперимент болады. Мысалы, белгілі бір әңгімені тәрбиеші балаларға әңгімелеп беріп, онықайтадан айтып беруін сұрайды, келесі күні, дәл сол әңгімені сурет арқылы әңгімелеп мазмұнынқайта сұрайды. Балалардың жауабын салыстыру, талдау, бағалау арқылы тәрбиеші жаңағы суреттің мәнін, сабақ түсіндіруіндеқандай роль атқарғанын анықтайды.
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет