Мектепке дейінгі педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы. Мектепке дейінгі педагогика тәрбие туралы ғылым болғандықтан, қоғамдық өмірдің тәрбиеге байланысты сан түрлі жақтарын, әлеуметтік қатынастарды зерттейтін әлеуметтік ғылымдар тобымен де, философиямен де, оның саласы этика, эстетикамен, этнопедагогикамен, этнопсихологиямен де байланысты. Мектепке дейінгі педагогика психология ғылымының мәліметтерін кеңімен пайдаланады, өйткені оқыту, тәрбиелеу, жүйелі түрде баланың санасына, сезіміне, еркіне әсер етеді. Мектепке дейінгі педагогика медицина ғылымының мағлұматтарын, гигиена мен педиатрия деректерін де пайдаланады. Сондай – ақ педагогика баланың сөйлеу тілін дамытуға басшылық жасау үшін тіл білімнің мәліметтеріне, балалардың тәртібі, мінез – құлқы, психологиялық ерекшеліктерін танытудың қайнар көзі – балалар әдебиеті материялдарына, көркеөнер ғылымының жетістіктеріне сүйенеді. Мектепке дейінгі педагогика экономика ғылымының (халық ағарту экономикасы) саласымен де байланысты. ¤йткені оның мәліметтері қоғамдағы түбегейлі өзгерістерге байланысты мектепке дейінгі мекемелер салу, оны материялдық, техникалық жағынан жабдықтау, онда істейтін маман қадрларды даяарлауға кететін қаржыны анықтау үшін қажет. - МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГМКА
| - Медецина ғылымның мағлуматтары
- 2. Қазақстанда қазан төңкерiсiне дейiн жалпы мектепке дейiнгi кезеңде қоғамдық тәрбие беретiн балабақша болмағаны жұртшылыққа аян. Ұрпақ тәрбиесi, көбiнесе, отбасында ата-баба мұрасы, халықтық өнегелi тәрбиесi, әдебиетi, ұлт мәдениетi, салат-дәстүрi арқылы жүзеге асырылып келгенi де белгiлi. Қазақстан Республикасында балаларды нәрестелiк шағынан қоғамдық мекемелерде тәрбиелеу, олардың күтiмi мен денсаулығын жақсарту, тегiн тәрбие беру, мектепаралық сабақтастық мақсатында 1917 жылы 2 қарашада бiрiншi рет декларация жарияланып, бұл iс қолға алына бастаған жылғы 9 қарашада РСФСР Халық комиссарлар Советiнiң «Халық ағарту iстерiнiң мемлекеттiк комиссиясын құру туралы» декретi жарияланды жилы мамыр айында Алматыда тұңғыш балабақша ашылып, онда әр түрлі ұлттан 100-ге торта бала тәрбиеленді.
- Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі педагогиканың дамуы Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтындағы мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің жұмысымен тікелей байланысты. Бұл бөлім 1958 жилы ашылды. Бөлімнің алғашқы меңгерушісі Анциферова Аэлита Александровна ( ) және үш ғылыми қызметкер Баймұратова Бәшен, Андросова Вера Никифоровна, Давиденко Лидия Алексеевналар қызмет атқарады, мектеп жасына дейінгі педагогика секторы құрылып, оны Б.Баймұратова басқарды
- 2021 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №137 қаулысымен мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі бекітілді. Мазмұны. Модель – мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту мен жетілдіру бағытын айқындайтын тәсілдер мен қағидаттар жиынтығын құрайды және келесі тараулардан тұрады:
- 1-тарау. Жалпы ережелер. 2-тарау. Ағымдағы жағдайды талдау. 3-тарау. Модельдің мақсаты мен міндеттері. 4-тарау. Модельдің мазмұны. 5-тарау. Күтілетін нәтижелер.
- Моделдің мазмұнында мектепке дейінгі білім беру саласын жетілдірудің келесі бағыттары қарастырылады: нормативтік-құқықтық сүйемелдеу; дамыту, тәрбиелеу және оқыту процестері тәсілдерін өзгерту; мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін әдістемелік қолдау; мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың сапасын бағалау; ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу үшін жағдайларды қамтамасыз ету; мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі педагог; ата-аналармен және ата-аналар қауымдастығымен жұмыс; мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын бағалау.
- Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесіндегі педагог. Модельді іске асыру жоғары оқу орындары мен колледждердің қатысуымен мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің сапалық деңгейін арттыру мәселесін шешуде кешенді тәсілдерді болжайды.
- Мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері: көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасына мониторинг жүргізуді; дамытушы бағдарламалардың бағыттарын бірге анықтауды; балаға арналған дамытушы бағдарламаларды ата-аналармен бірге таңдау мүмкіндігін ұйымдастыру үшін балалардың қызығушылығын зерделеуде педагогке көмек көрсетуді; педагог практикасындағы нақты мәселелерді анықтауда оған көмек көрсетуді; педагогтерге ойын аймақтарын ұйымдастыруда, оқу ресурстарын таңдауда әдістемелік көмек көрсетуді; балаларды тәрбиелеу мен оқыту процесін әдістемелік сүйемелдеуді; педагогтердің практикасын тәжірибе алмасуға, біліктілігін арттыруға, өзін танытуға мүмкіндік жасау арқылы жетілдіруді; инновациялық тәсілдерді енгізуді жүзеге асыруы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |