- Патша үкiметi әскерлерiнiң Ұлы жүз аумағына қарай iлгерi жылжуы Орынбор жағынан да орын алды.
- 1833 жылы: Орынбор өлкесiнiң әскери губернаторы болып В.А. Перовский тағайындалды.
- 1834 жылы: Маңғыстауда Новоалександровский қамалының негiзi қаланды.
- 1847 жылы: Райым қамалы, ал 1848 жылы Қазалы бекiнiсi салынды.
- Ресей 1853 жылы Қоқанның iрi бекiнiсi Ақмешiттi басып алғаннан кейiн, Сырдария бекiнiс шебi пайда болды.
- Ресей империясы Ұлы жүздiң және Солтүстiк Қырғызстанның шекарасы аймағында 1859 жылы салды: Қастек бекiнiсi
- 1860 жылы полковник Циммерман бастаған әскер Шу аңғарына келiп кiрдi. Қоқан хандығының Тоқмақ және Пiшпек бекiнiстерiн басып алды.
- Ташкентте жалпы саны 20 мың адамға жететiн әскер құрылды, оның 40 зеңбiрегi болды. Қоқан әскерi Ташкенттi қорғап тұрды.
- Ал полковник Колпаковскийдiң Верный маңындағы әскерінде бiр мыңға жуық адам болды.
- 1860 жылы қазанда Ұзынағаш бекiнiсi түбiнде: Ресей VS Қоқан
- 1864 жылы: Ресей Меркi әскери бекiнiсiн қарсылықсыз басып алды, одан кейiн Әулиеата, Шымкент, Түркiстан қалаларына шабуыл жасады.
- Қазақстанның оңтүстiгiнде жаңадан құрылған Түркiстан аймағының әскери губернаторы генерал-майор Черняев Қоқан мен Бұхар хандарының Ташкентке ие болу үшiн жүргiзiлген өзара шиеленiстi күресiн пайдалана білді.
- 1865 жылы: Ташкентті Ресей әскері басып алды
Ресей империясының Қазақстанды басып алуының салдары: - 1. Алым-салықтар мөлшерi арттырылды, ерiксiз жұмыстың алуан түрi енгiзiлдi.
- 2. Ресейдiң әскери iс-қимылдарының барысында қазақтар Орта Азия хандықтарының езгiсiнен азат етiлдi. Сонымен қатар патша үкiметiнiң Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан аумағына экспансиясы басталды.
- 3. Ресей әскерлерi Түркiстан қаласына жасаған шабуыл кезiнде қала қатты қирады. Патша үкiметiнiң әскерлерi онымен де қоймай, бүкiл мұсылман қауымының қасиеттi жәдiгерi Қожа Ахмет Ясауи кесенесiн зеңбiрекпен атқылады.
- 4. Ресей солдаттарының шектен шыққан жүгенсіздігі Шымкент, Әулиеата және Сайрам қалаларын басып алу кезiнде орын алды. Шоқан Уәлихановтың және бiрқатар прогресшiл орыс офицерлерiнiң генерал Черняевтен бөлiнiп кетуiнiң себебi осы жағдай едi.
- 5.Түркiстан мен Шымкент басып алынғаннан кейiн Орынбор және Сiбiр шептерi бiр-бiрiмен жалғасты.
- 6.Оңтүстiк өңiрдi жаулап алумен қазақтың дәстүрлi сотының жүйесiне өзгерiстер енгiзiлдi. Халық соты дiни қайраткерлердiң, яғни қазылардың ықпалында болатын.
- 7.Өлкенiң Ресей империясының құрамына өтуi алым-салықты күшейтiп жiбердi.
Достарыңызбен бөлісу: |