Дәріс № 4
Тақырыбы: Таңдап алған спорт түрінің тактикалық дайындығының құрылымдары
Тактикалық дайындық дегеніміз-жарыс кезіндегі жеңіске жету үшін пайдаланылатын әдіс-амалдарды, айла-тәсілдерді қолдана білу өнері. Тактикалық дайындық екі кезеңнен тұрады:
спорттық күресті жүргізу жолдарын өз мүмкіншілігінше, қарсыластарының ерекшеліктеріне, жарыс жағдайларына байланысты жоспарлау;
осы жоспарды спортшының жарыстағы мүмкіншілігіне байланысты амалдар мен жолдар арқылы іске асыру. Тактикалық дайындықты дұрыс іске асыру үшін төмендегідей міндеттерді орындау керек:
қазіргі кездегі өзі айналысып жүрген спорт түрінің тактикалық тәсілдер негізін оқу, үйрену, тиімді пайдалана білу;
мықты спортшылардың тактикалық тәжірибесімен танысу;
өтетін жарыстардың ережелерін, шарттарын, қарсыластарының мүмкіншілктерін зерттеу (уақыты, жарыс өткізілетін орын т.б.)
жарыстың тактикалық жоспарн жасау;
тактикалық тәсілдерді, оларды орындау жолдарын тәжірибе жүзінде меңгеру;
қарсыласына психологиялық басымдылық көрсете алу шеберлігін қалыптастыру, оны ыңғайсыз жағдайда жарысуға мәжбүр ету;
өткен жарысты талдау, тиімді тактикалық әрекеттерді жетілдіру.
Тактикалық дайындық кезінде мынадай әртүрлі жолдар қолданылады: алдын ала жасалған тактикалық жоспарды жаттықтыру сабақтарында, жарыс жағдайына ұқсас жағдайларда қайталау; арнайы кіиапиар оқу, әңгіме өткізу; бейнежазумен түсірілген жарыстарды көру, оны жан-жақты талдау.
Әдебиеттер:
1. Железняк Д.Д., Петров П.К. «Дене мәдениеті мен спортта ғылыми- әдістемелік іс- әрекеттің негіздері» 2002
2. Кофман Л.Г. «Дене шынықтыру мұғалімінің кітапшасы» 1998
3. Виленский М.Я. Савин Р.С. «Дене тәрбиесі студенттерінің кәсіби бағыты» 1989
4. Дене шынықтыру. Загорский Б.И. и др. М. 1984
Дәріс № 5
Достарыңызбен бөлісу: |