Дәріс №1Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы



бет8/46
Дата21.07.2023
өлшемі0.94 Mb.
#475772
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46
дене шынықтыру әдістемелік

Дәріс № 7
Тақырыбы: Таңдап алған спорт түрінің технико-тактикалық дайындық негіздерінің жалпы сипаттамасы. Негізгі түсініктер

Таңдап алған спорт түрінің технико-тактикалық дайындық негіздерін оқу барысында мынандай негізгі түсініктерді танып, түсіне білеміз: «Дене тәрбиесі», «Спорт», «Дене қуатының реабилитациясы», «Дене қуатының рекреациясы», «Дене қуаты дайындығы», «Дене қуаты дайындығы», «Дене қуатының жетілуі», «Дене дамуы».


Дене тәрбиесі- дене мәдениетінің әрекетті бір саласы, тәрбиенің түрі. Оның ерекшеліктері қозғалысқа үйрету, дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу, дене тәрбиесі мен спорт саласында теориялық білім беру.
Дене қуаты дайындығы дегеніміз-әр түрлі әрекеттердің әскери, спорт, өнеркәсіп талабына сай дамытылған дене қуаты қасиеттерінің, қимыл дағдысының нәтижесі.
Ол жалпы және арнайы дене қуаты дайындығы деп бөлінеді.
Жалпы дене қуаты дайындығы- жалпы әр түрлі әрекет түрлерінебағытталған дене тәрбиесі үрдісі.
Арнайы дене қуаты дайындығы дегеніміз-арнайы бір спорт немесе кәсіп түріне қарай бағытталған дене тәрбиесі үрдісі.
Дене қуатының дамуы дегеніміз- адам ағзасының табиғи және мақсатты жолмен өсуі. Табиғи жолмен өскенде баланың морфофункционалдық көрсеткіштері: бойы, салмағы, дене мүшесі көлемі өзінің табиғи өсу жолымен өзгереді. Мақсатты жолмен өсуі әр түрлі арнаулы құрастылыған жаттығулар көмегімен өседі, өзгереді.
Спорт дегеніміз-әр түрлі жаттығулардың көмегімен жоғарғы жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған өнер түрі. Спорт көпшілік спорт және жоғарғы көрсеткіштер спорты деп екіге бөлінеді. Жоғарғы жетістіктер спорты ол- жоғары көрсеткіштерге бағытталған жеңімпаздар, рекордсмендер спорты. Жоғарғы жетістіктер спорты әуесқой және кәсіпқой спорт деп бөлінеді. Әуесқой спортшылар көпшілік спортпен айналысады. Көпшілік спорт- ол барлық адамдар қатыса алатын, қатысушылар санына шек қойылмайтын спорт жаттығуларының түрі.
Дене қуатының рекреациясы- жаттығулар жасау арқылы белсенді демалыс ұйымдастыру. Ол дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен халықтың көңілін көтереді, бір әрекеттен екінші әрекетке көшіреді.
Дене қуатының реабилитациясы-адам ағзасының жарақат алып ауырған жүйелерін жаттығулар, массаж, монша буы, су процедуралары арқылы емдеу, қалпына келтіру.
Дене қуатын жетілдіру-адамның дене қуаты қасиетін үйлесімді дамыту және жан-жақты дайындығын жоғарғы деңгейде жеткізу.
Дене қуаты білімі-адамды қозғалыс шеберлігі мен дағдысына үйрету және теориялық біліммен қаруландыру.
Әдебиеттер:
1.Теория и методика физического воспитания и спорта. Холодов Ж.К., Кузнецов В.С. М. 2001
2.Основы методики физического воспитания школьников. Минаев Б.Н., Шиян Б.М. М. 1989Ашмарин Б.А.«Теория и функции физического воспитания» - М.,1979.

  1. Волков Н.Н.- «Развитие физических качеств школьников»- «ФиС», 1980.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет