2.2. Бағалы қағаздар сыныптамасы
1. Шығару нысаны бойынша:
Эмиссиялық (акциялар, облигациялар)
- мүліктік және мүліктік емес құқықтар жиынтығын бекітеді
- шығарылымдарымен орналастырылады
- бір шығарылым ішінде құқықтардың бірдей көлемдері мен мерзімдері болады
Эмиссиялық емес
Акция –эмиссиялық бағалы қағаз өз иесіне АҚ-нан пайдадан дивиденд алу, АҚ басқаруға қатысу және АҚ жойылғаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқығына ие бола алады.
Облигация –облигация эмитентінен онда көрсетілген мерзімде бастапқы құны немесе басқа да мүліктік эквивалентте өз иесіне алу құқын беретін эмиссиялық бағалы қағаз болып табылады.
2. Көрсетілген құқықтар мен қатынастар түрлері бойынша:
Қарыздық бағалы қағаз қарыз қатынастарын көрсетіп, анықталған пайыздық ставка бойынша белгіленген мерзімде өз иелеріне ақша қаражаттарын қайтару кепілдігі болып табылады (облигациялар, вексельдер, чектер, депозиттік және жинақтау сертификаттары)
Жай вексель –вексель берушінің шарттасылмаған міндеттемесінің вексельде көрсетілген мерзімнің аяқталуы барысында қарызға алынған ақша сумасын қайтару болып табылады.
Аударма вексель –вексельде көрсетілген төлеуші тұлғаның (векскль беруші емес) ешбір құжатпен шарттасылмаған міндеттеме бойынша қарызға алынған ақша сумасын белгіленген уақытта қайтару болып табылады.
Жинақ ақша (депозиттік) сертификат –банкке салынған соманы растайтын және салым сомасының белгіленген мерзімі сақталған соң, банктен сертификатта көрсетілген пайыз алу салымы құқықтарын растайтын бағалы қағаз.
Чек –ешбір шарттасылмаған чек берушінің банкке, онда көрсетілген сомма бойынша төлемді жүргізу өкімін растайтын бағалы қағаз.
Үлестік бағалы қағаз -өз иелеріне жеке меншік пен эмитент пайдасында (акциялар мен инвестициялық үлестік жарна) үлестік қатысу және ие болу құқығын растайтын қатынастарды көрсетеді.
Инвестициялық қордың үлестік жарнасы –инвестициялық үлестік жарна эмитентінің инвестициялық қордың үлестік жарнасын басқарушысынан өзіне тиісті үлестік жарнасын сатып алуға өзө иесінің құқығын растайтын атаулы бағалы қағаз.
3. Эмитенттің мәртебесі бойынша:
- Мемлекеттік;
- Муниципалды
- Жеке (корпоративті)
4. Мүліктік құқықтарды іске асыру әдістері бойынша:
- Ұсынушыға (на предьявителя)
- Атаулы;
- Ордерлі иесінің бұйрығымен немесе басқа тұлғаға табыстау жазбасын беру арқылы (индоссамент) жүргізілетін атаулы бағалы қағаз
5. Шығарылу нысандары бойынша:
- Құжатты;
- Құжатсыз
6. Алынатын табыс нысанына байланысты.
Үлестік бағалы қағаз:
- Пайыздық (бастапқы құнына пайыз түрінде табыс төленіп, атаулы құны қайтарылады)
- Дисконтты (облигацияның атаулы құнын ғана төлеуге міндеттенеді және өтеу кезеңіне дейін атаулы құнынан төмен баға бойынша айналыста болады, яғни дисконтпен)
7. Шығарылу мерзіміне байланысты:
- мерзімсіз (қандай да бір мерзім кезеңінен байланыссыз, тұлғаның қызмет етуінің барлық мерзіміне шығарылады.)
- мерзімді (шығарылу кезінде белгіленген мерзімі бар немесе осы мерзімде тәртібі болады.)
- қысқа мерзімді (< 1 жылға дейін)
- орта мерзімді (1-10 жылға дейін)
- Ұзақ мерзімді (10-30 жыл)
Қайтарып алынатын бағалы қағаздар –айналыс мерзімі реттелмеген бағалы қағаз, яғни мерзіміне дейін айналыста болып және де бағалы қағаз шығару кезінде мерзімі ешбір белгіленбей, тек оларды өтеу (сатып алу) тәртібі ғана белгіленеді.
8. Борышты бағалы қағаздар өкілдері:
- ақшаның (қаржы векселі, облигация, кепілхат)
- тауарлардың (тауарлы вексель, қойма куәлігі, коносамент).
Қойма куәлігі –тауарлады сақтауға алынғанын растайтын бағалы қағаз
Коносамент –теңіз қатынасында тауарды тасымалдау құжатының ерекше түрі, онда теңізбен тасымалдау шартының талаптары баяндалады, кез келген сыртқы сауда операцияларында жиі қолданылады, онда жүкті тиісті портқа жеткізіп жүк алушыға табыстау міндеттемесі баяндалады.
Кепілхат –ипотека туралы (жылжымайтын мүлікті кепілге қою) келісім шартқа сәйкес оның иесіне ақшалай міндеттемені немесе онда көрсетілген мүлікті алу құқықтарын растайтын атаулы бағалы қағаз.
Достарыңызбен бөлісу: |