Түйіндеме
Бағалы қағаз – бұл бағалы қағаз нарығында қолданыста жүретін ерекше тауар түрі. Оның заттай немесе ақшалай тұтынушылық құны жоқ, яғни ол физикалық тауар немесе қызмет болып табылмайды.
Бағалы қағаздың өтімділік , айнлымдылық , нарықтық сипат,стандарттық , сериялық , азаматтық айналымға қатысу , құжаттық , мемлекетпен мойындалуы және реттелуі тәуекелділік міндеттерді орындау міндеті сияқты қасиеттері бар.
Бағалы қағаздардың бірнеше функциялары бар:
Ақша қаражаттарын (капиталды) экономика саласы арасында, елдер мен территория арасында, халық арасында, экономика саласы мен халық арасында, мемлекет пен халық арасында қайта бөледі.
Бағалы қағаздар иесіне қосымша құқық береді. Мысалы: басқаруға қатысу құқығы және т.б.
Капиталға табысты алу және капиталды қайтаруды қамтамасыз етеді.
Әрбір экономикалық категория сияқты бағалы қағаздардың белгілі бір сипаттамалары бар:
Уақытша (бағалы қағаздардың өмір сүру мерзімі)
Кеңістіктік (формасы ұлттық және шекаралық иелігі)
Нарықтық (бағалы қағаз негізіне жататын активтің түрі; иелену формасы; шығарылым формасы; меншік формасы; эмитент түрі; тәуекел деңгейі және т.б. )
Бақылау сұрақтары
1.Бағалы қағаздардың өзіндік ерекшеліктері
2. Бағалы қағаздың қасиеттері
3. Бағалы қағаздардың функциялары
4. Бағалы қағаздардың сипаттамалары
1. Бағалы қағаздың қандай өміршеңдік кезеңнен өтеді?
2. Бағалы қағазды сатып алу сату – сатып алу мәмлені жасаған соң инвестор меншік иесі бола ала ма?
3. Биржа нарығында саудаға түсетін бағалы қағаздардың сыныпталуы
4. Коносамент дегеніміз не?
5. Бағалы қағаздардың өзіндік ерекшеліктерін ата.
Қолданылатын көрнекіліктер
1. Бағалы қағаз өміршеңдігінің кезеңдері
Достарыңызбен бөлісу: |