Дәріс №2 Ықпалдастырылған менеджмент жүйесі. Исо 45001 енгізудің бәсекелестік артықшылықтары



бет4/4
Дата29.12.2023
өлшемі34.37 Kb.
#488313
1   2   3   4
Лекциялар 2-5

Басшылық тарапынан талдау

  1. Тексеру. Қызмет көрсеткіштерін өлшеу және бақылау.

  2. Сәйкестікті бағалау.

  3. Оқиғаларды, сәйкессіздіктерді тексеру, түзетуші және ескертуші іс-әрекеттер. Оқиғаларды тексеру.

  4. Басшылық тарапынан талдау.

Тексеру. Қызмет көрсеткіштерін өлшеу және бақылау
Ұйым тиісті деңгейде ИСО 45001 саласында іс-әрекет көрсеткіштеріне бақылау және өлшеулер үшін процедураларды әзірлеуі, енгізуі және көкейкесті жағдайда ұстауы керек. Бұл процедура(лар) мыналарды қарастыруы керек:

  1. ұйым қажеттіктеріне сәйкесетін сапалық және сандық өлшеулер;

  2. ИСО 45001 саласында ұйым мақсаттарына қандай деңгейде қол жеткізілуіне бақылау;

  3. басқару құралдары мен әдістерінің нәтижелігіне бақылау (денсаулықты қорғауға қатысты және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты);

й) басқару құралдары мен әдістері мен өндірістік критерийлеріне ИСО 45001 бағдарламасы (лар)ының сәйкестігіне бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін іс-әрекет көрсеткіштеріне пробелсенді (алдын ала, ескертпе) өлшеулер;
е) денсаулық жағдайының нашарлауына оқиғалар (қайғылы оқиғалар, «мүлдем болған оқиғалар» және т.с.с.) мен ИСО 45001 саласында қызметте бұрын болған қанағатсызданарлық нәтижелерге бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін іс-әрекет көрсеткіштерін реактивті өлшеулер;
Ь) түзетуші және алдын ала іс-әрекеттер қажеттігіне кейінгі талдауды жеңілдету үшін жеткілікті бақылау мен өлшеу деректері мен нәтижелерін тіркеу.
Егер іс-әрекет көрсеткіштерін өлшеу және бақылау үшін сәйкес жабдық талап етілетін болса, ұйым бұндай жабдықты салыстырып тексеру (калибрлеу) және сәйкес техникалық қызмет көрсету үшін процедураларды әзірлеуі және көкейкесті жағдайда ұстауы керек. Салыстырып тексеру (калибрлеу) және техникалық қызмет көрсету туралы іс-әрекет және олардың нәтижелері туралы жазбалар сақталуы керек.
Сәйкестікті бағалау
Сәйкестікті қамтамасыз ету бойынша өзінің міндеттемелеріне сәйкес сәйкестігін кезеңді бағалау үшін процедура(лар)ды әзірлеуі, енгізуі және көкейкесті қалыпта ұстауы керек.
Ұйым осындай кезеңді бағалау нәтижелері туралы сақтауы керек.
Ұйым өз қызметінің ол келісетін өзге талаптарға сәйкестігін бағалауы керек.
Ұйым бұндай кезеңдік бағалау нәтижелері туралы жазбаларды сақтап қоюы керек.
Оқиғаларды, сәйкессіздіктерді тексеру, түзетуші және ескертуші іс-әрекеттер. Оқиғаларды тексеру
Ұйым мыналар үшін оқиғаларды тіркеу, тексеру және талдау үшін мынадай процедура(лар)ды әзірлеуі, енгізуі және көкейкесті қалыпта ұстауы керек:

  1. ИСО 45001 қатысты теріс әсерлерді және оқиғалар туындау себебі немесе оның туындауына көмектесетін өзге факторларды анықтауы;

  2. түзетуші әрекет қажеттігін анықтау;

  3. ескертпе әрекеттер үшін мүмкіндіктерді анықтау;

й) тұрақты жақсарту үшін мүмкіндіктерді анықтау;
е) бұндай тексерулер нәтижелері туралы ақпаратты тарату.
Тексеру белгіленген мерзімдер шегінде жүргізілуі керек.
Оқиғаларды зерттеулер нәтижелері құжатталуы, ал бұл жазбалар сақталуы керек.
Сәйкессіздіктер, түзетуші және ескертпе іс-әрекеттер
Ұйым түзетуші және ескертпе іс-әрекеттерді іске асыру үшін нақты және әлеуетті сәйкеспеушіліктермен айналысу бойынша процедура(лар)ды әзірлеуі, енгізуі және көкейкесті қалыпта ұстауы керек. Процедура(лар) мыналарға қатысты талаптарды белгілеуі керек:

  1. сәйкеспеушіліктерді анықтау және түзету және олардың ИСО 45001 үшін зардаптарын жеңілдету бойынша іс-әрекеттер жүзеге асыру бойынша;

  2. сәйкеспеушіліктерге зерттеулер жүргізу, олардың себептерін жою және олардың қайталануын болдырмау мақсатында іс-әрекеттер жүзеге асыру;

  3. сәйкеспеушіліктердің туындауын болдырмау және олардың туындауын болдырмау үшін әзірленген сәйкес іс-әрекеттер іске асыру қажеттігін бағалау;

й) түзетуші және алдын алу іс-әрекеттерінің нәтижелерін тіркеу және олар туралы сәйкес тұлғаларға ақпарат беру;
е) қабылданған түзетуші және ескертуші іс-әрекеттер нәтижелеріне талдау жүргізу.
Түзетуші және алдын алушы іс-әрекеттер басқарудың жаңа немесе өзгертілген құралдары мен әдістеріне жаңа немесе өзгертілген қауіптер немесе қажеттіктерді анықтайтын жағдайда процедура ұсынылатын іс-әрекеттер өздерінің енгізілгеніне дейін қауіптерді талдау процедурасына түсуін талап етуі керек.
Нақты немесе әлеуетті сәйкеспеушілік себебін болдырмау үшін қолданылатын кез келген түзетуші немесе алдын алушы әрекет проблемалар елеулігіне сәйкесуі және ИСО 45001 үшін бағаланған қауіппен мөлшерлес болуы керек.
Ұйым түзетуші және ескертуші іс-әрекеттер салдары болып табылатын барлық қажетті өзгерістер ИСО 45001 менеджмент жүйесінің құжаттамасына кіруін қамтамасыз етуі керек.
Жазбаларды басқару
Ұйым оның ИСО 45001 менеджмент жүйесіне қойылатын талаптарға және осы стандарт талаптарын,а сәйкестігін көрсету үшін қажетті жазбаларды, сондай-ақ қол жеткізілген нәтижелер туралы жазбаларды белгілеуі, жүргізуі және сақталуы керек.
Ұйым жазбаларды сәйкестендіру, жинақтау, сақтау (қорғау), табу, сақтау уақытын белгілеу және алу (жою) үшін процедура(лар)ды әзірлеуі, енгізуі және көкейкесті қалыпта ұстауы керек.
Жазбалар түсінікті, жеңіл сәйкестендірілетін және тексерілетін болуы керек және солай қалуы керек.
Ішкі аудит
Ұйым жоспарланған аралықтар сайын ИСО 45001 менеджмент жүйесіне ішкі аудит жүргізілуін қамтамасыз етуі керек:

  1. мыналарды белгілеу:

  1. ИСО 45001 менеджмент жүйесі осы стандарт талаптарын қоса ИСО 45001 менеджмент шегінде жоспарланған іс-шараларға сәйкесетіндігін;

  2. жүйе тиісті үлгіде енгізілген бе және көкейкесті қалыпта ұстала ма;

  3. ол ұйым саясатын іске асыруда және ұйым мақсаттарына қол жеткізуде нәтижелі болып табылады ма;

  1. ұйым басшылығына аудит нәтижелері туралы ақпаратты ұсыну;

  1. аудит бойынша шешім қабылдау.

Аудиттер бағдарлама(лар)ы ұйым қызметінің барлық түрлерімен байланысты қауіптерді бағалау нәтижелері мен алдыңғы аудиттер нәтижелері негізінде жоспарлануы, әзірленуі, іске асырылуы және көкейкесті қалыпта ұсталуы керек.
Мыналарды белгілейтін аудиттер жүргізу процедура(лар)ы әзірленуі, енгізілуі және көкейкесті қалыпта ұсталуы керек:
а) аудиторлар жауаптылығы, құзыреттігіне және біліктілікті арттыруға қойылатын талаптар, сондай-ақ аудиттерді жоспарлауға, оларды өткізуге, олардың нәтижелерін тіркеуге және аудиттер туралы сәйкес есептерді таратуға қойылатын талаптар;
Ъ) аудит критерийлері, аудиттер жүргізу саласы, олардың жиілігі және жүргізу әдістері.
Аудиторларды іріктеу және аудитті өткізу аудит процесінің объективтілігін қамтамасыз етуі және процес әділдігін қамтамасыз етуі керек.
Басшылық тарапынан талдау
Ұйымның жоғарғы басшылығы жоспарланған уақыт аралығы сайын ИСО 45001 менеджмент жүйесінің жалғасып отырған жарамдығын, баламалығы мен нәтижелігін қамтамасыз ету үшін талдауды қамтамасыз етуі керек. Талдау процесі ИСО 45001 саласындағы саясат пен мақсаттарды қоса ИСО 45001 менеджменті жүйесін жақсарту және өзгерістер қажеттігі мүмкіндігін жақсарту үшін бағалауды қосады. Басшы тарапынан талдаулар туралы жазбалар сақталуы керек.
Басшы тарапынан талдау үшін кіріс деректер мынадай ақпаратты қамтуы керек:

  1. ішкі аудиттер мен қолданылатын заңнамалық және нормативтік талаптарға, сондай-ақ ұйым келісетін өзге талаптарға сәйкестігін бағалау нәтижелері туралы;

  2. серіктестік пен кеңес беру нәтижелері туралы;

  3. арыздарды (шағымдарды) қарастырумен қоса сыртқы мүдделі тараптармен коммуникациялар нәтижелері туралы;

б) ИСО 45001 саласында ұйым қызметінің көрсеткіштері туралы;
е) ИСО 45001 саласында мақсаттарға қол жеткізу деңгейі туралы;
і) оқиғаларды тексеру, түзету және алдын алу қызметтерінің мәртебесі туралы;
§) басшы тарапынан алдыңғы талдаулар нәтижелері бойынша қабылданған әрекеттер туралы;
һ) заңнамалық, нормативтік және ИСО 45001 қатысты өзге құжаттар талаптарында өзгерістерді қоса өзгерген жағдайлар туралы;
і) жақсарту бойынша ұсыныстар туралы.
Басшылық тарапынан талдаудың шығыс деректері (нәтижелері) тұрақты жақсартуға қатысты ұйым міндеттемесімен келісілген және мүмкін шешімдерге қатысты барлық шешімдер мен іс-әрекеттерді қамтуы керек:

  1. ИСО 45001 саласындағы іс-әрекеттер көрсеткіштері;

  2. ИСО 45001 саласында саясаттар мен мақсаттар;

  3. ресурстар;

б) ИСО 45001 менеджмент жүйесінің өзге элементтерін.
Басшылық тарапынан талдаулардың сәйкес нәтижелері ұйым қызметкерлеріне, мердігерлерге, сәйкес мүдделі тараптарға тарату және кеңес беру үшін қол жеткізімді болуы керек.
Бақылау сұрақтары:

  1. Сәйкестікті бағалау қалай жүзеге асырылады?

  2. Оқиғаларды тексеру кімдердің құзыретінде?

  3. Басшылықтың негізгі міндеттері қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет