- Адамның рухани дамуы мәдениетте үлкен рөл атқарады. Өйткені, руханилығы жоғары адамдары бар қоғам ғана жоғары дамыған мәдениет жасай алады.
- Жеке адамның рухани дамуы халықтың санасымен, психологиясымен, саяси белсенділігімен ұштасып жатады. Қоғамның қалыпты рухани дамуы әлеуметтік құрылымға, әр түрлі топтарға, олардың әрекет аясына өзгерістер енгізеді.
- Мәдениетті адам рухани бастаулардан нәр алатын қоғамда ғана қалыптасуы мүмкін. Рухани байлығы мол адам ғана шын мәдениеттің дамуына үлес қоса алады.Тіл – аса қадірлі рухани байлық.
- Мәдениетті адам өзінің мәдени деңгейін үнемі арттырып, істе жоғары саналылық танытып, дүниежүзілік әдебиет және көркемөнер жетістіктерімен үзбей танысып отырады. Бос уақытын кітап оқуға, көрме, мұражай, театрға баруға, музыка тыңдауға жұмсайды.
- Өнер – әмбебап, бүкілхалықтық әрекет, оның қоғам дамуында аса зор өмірлік маңызы бар. Өнердің тамаша туындыларын көрген сәтте бізді әсемдікке құштарлық, ізгіниеттілік, қуаныш сезімдері билейді. Көркемдік жағынан шебер орындалған шығармалар шын мәнінде терең эстетикалық ләззат бере алады.
- Мұндай шығармалар жаңа мағұлмат көзі бола тұрып және рухани дүниені байытатындай әсер беріп, мағынасымен адамның барлық сезім қабілетіне ықпал етеді. Адам және оның өмірі, күресі, ойы және сезімі, қоғамдық қатынастар – өнердің басты обьектілері.
КӨРКЕМӨНЕРДІҢ РУХАНИ ЖЕТІЛУГЕ ЫҚПАЛЫ - Шын суреткердің шығармаларынан адамның мінезі, әрекеті және өмірге көзқарасы көрінеді, кейіпкердің адамгершілік қатынастарынан, олардың моральдық бейнесі байқалады. Өнер шығармаларында біз жағымды кейіпкерлермен бірге жағымсыз кейіпкерлерді де көреміз. Жақсыдан үйренеміз, жаманнан жиренеміз. Орта ғасырларда ұлы шеберлер жасаған кейіпкерлер адамгершілік дүниесі, мінез-құлқы жағынан қазіргі замандастарымызға ұқсас болып отырады. Олар қаншалықты көп қырлы болып келсе, біз үшін соншалықты қызықты.
Достарыңызбен бөлісу: |