Дәріс №2 «Мәдениет – адам тәрбиесінің маңызды құралдарының бірі»


Құндылық дегеніміз – адам қажеттілігінің бейнесі. Ол зат немесе идея болуы мүмкін. Сондықтан құндылықтар материалдық немесе идеалдық деп екіге бөлінеді



бет3/5
Дата22.09.2022
өлшемі191.82 Kb.
#461097
1   2   3   4   5
Дәріс №2 Мәдениеттану

Құндылық дегеніміз – адам қажеттілігінің бейнесі. Ол зат немесе идея болуы мүмкін. Сондықтан құндылықтар материалдық немесе идеалдық деп екіге бөлінеді.

Құндылық дегеніміз – адам қажеттілігінің бейнесі. Ол зат немесе идея болуы мүмкін. Сондықтан құндылықтар материалдық немесе идеалдық деп екіге бөлінеді.


Барлық құндылықтар қоғамдық өндірістің нәтижелері. Кез келген құндылықтың екі сипаты – функциональды маңызы және тұлғалық мәні бар. Мысалы, машинаның болуы бір адам үшін мақтану объектісі, екінші адам үшін оның қызметінің бұлжымас бір бөлігі, құралы, үшінші адам үшін табыс көзі.
Материалдық құндылықтар
еңбек құралдары
тікелей тұтынатын заттар
Рухани құндылықтар
философиялық
діни
эстетикалық
моральдық
құқықтық
саяси
идеялар

Адам тіршілігінің құндылықтары. Адам өзінің күнделікті күйбең тіршілігінің аясын кеңейтіп, оған мән, мағына беруге тырысады.


ол өзінің өмір сүру фактісін өзі үшін ғана емес басқалар үшін де маңызды еткісі келеді. Сондықтан ол өзіне-өзі үңіліп, өзін танытуға, өзінің тылсым мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырысады: қарапайым сурет салу мен қолөнерінен бастап өнер мен спорттың жоғары жетістіктеріне, қарапайым үй жұмысынан бастап саяси қызметке дейін көтеріледі. Осы процессте әр адамның өзіндік қабілеті мен таланты ашылады.
1
2
адам өзін-өзі басқалармен қарым-қатынаста көрсеткісі келеді. Қарым-қатынастың бастапқы түрі “Мен және Сен” қатынасы. Осы қатынаста адам өзін-өзі басқаға жақын етеді, өзінің түпкі мақсаттары мен тілегін білдіреді. Бұл қатынастағы “Сен” міндетті түрде басқа адам емес, кез келген ұнаған зат немесе құбылыс болуы мүмкін. Қарым-қатынаста адамдар өздеріне тән адамгершілігін паш етеді, жан сұлулығы мен жүрек жылуын, мейірімін ұсынады.

Адам өзінен тыс жоғары құндылықтаға қол созады, яғни өзі арман еткен болашақтың немесе кәсіптің жетілген биіктігін бойына сіңірген саяси лидерді, танымал актерді, рок-жұлдызды, философиялық, көркем, адамгершілік идеясын өзіне идеал етіп алады. Бұл тілек адамның өзін бүкіл әлемнің, дүниенің бір бөлігі ретінде сезінуіне мүмкіндік жасайды. Бұл бір тамаша сезім, осындай сана сезім, өзін-өзі бір керемет деп сезіну адамды бақытты етеді. Сонымен қатар, адам әр уақытта өзіне-өзі “осы мен кіммін”, “қайдан шықтым?”, “қайда барам?” сияқты сұрақтарды қойып отырады. Бұның өзі оған одан әрі нығая беруіне, тамыр жая беруіне жағдай жасайды. Осы қасиеттердің бәрі адам тіршілігінің жоғары құндылықтары жинақталатын, тоғысатын, рухани өмірді білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет