Дәріс №2 Тақырып. Жер бедері Жоспар: «Бедер», «Бедер пішіндері»



бет2/4
Дата21.05.2024
өлшемі24.92 Kb.
#501592
1   2   3   4
2 дәріс

Планеталық пішіндер жер бетінің жүздеген мың, тіпті миллиондаған шаршы километр ауқымын қамтиды. Бұларға мынадай планеталық пішіндер жатады: 1) континенттер ( материктер); 2) қозғалмалы белдеулер; 3) мұхит табаны (ложе мирового океана); 4) ортаңғы мұхиттық жоталар.
Континенттер (материктер) – жер бетінің ең ірі дөңес пішіндері. Олардың көп бөлігі құрлықтан тұрады, сонымен қатар материктердің біршама бөлігі дүние жүзі мұхиттық түбін қамтиды. Материктердің маңызды ерекшеліктерінің бірі – жер қыртысының материктік типінен құралуы.
Мұхит түбі немесе мұхит табаны (ложе океана) – дүние жүзі мұхитының негізгі бөлігі, олардың тереңдігі 3 километрден төмен жəне жер қыртысының мұхиттық түрімен сипатталған. Мұхит түбінің аса маңызды элементтері – мұхит түбінің кең ауқымды қазан-шұңқырлары мен оларды бөліп тұратын суасты жоталар.
Қозғалмалы ( геосинклиндік) белдеулер, көбінесе материктер мен мұхиттар арасындағы шекарада жəне құрлық шегінде орналасады.
Ортаңғы мұхиттық жоталар өздерінің ұзындығымен дүние жүзінде ең кең таралған таулар жүйесі болып саналады.
Мегапішіндер жүздеген жəне ондаған мың шаршы километр ауқымды қамтиды. Бұларға материктер аумағындағы таулы жүйелер жəне кең-байтақ жазықтар, мысалы, Гималай, Альпі немесе Кавказ тау жүйелері, Батыс-Сібір жазығы, Орта Сібір қыраты, Тянь-Шань тау жүйесі, Тибет таулы қыраты т.с.с. мұхит өңірінде ірі-ірі суасты ойпаңдар мен көтерілімдер жатады.
Макропішіндер – мегапішіндердің құрамдас бөлігі. Олардың аумағы жүздеген, мыңдаған кейде он мыңдаған шаршы километрге дейін жетеді. Макропішіндерге таулы аймақтардың жеке қыраттары немесе ойыс жерлері жатады (Іле Алатауы, Күңгей жəне Теріскей Алатау, Ыстықкөл ойысы т.б.).
Мезопішіндердің аумағы əдетте бірнеше шаршы километр немесе ондаған шаршы километр. Бұларға жотаның тарамдары, жыралар, сайлар, жеке аңғарлар, ірі аккумуляциялық пішіндер (шағыл тізбектері) жатады.
Микропішіндер – ірі пішіндердің бөлшегі болып саналатын, кішігірім кедір-бұдыр түрлері, мысалы, карст шұңқырлар, эрозиялық қазбалар, ұсақ құм төбелер, көлдеулер (степные блюдца) жəне т.б.
Нанопішіндер – макро- мезо- жəне микропішіндердің үстін шиелендіріп бөлшектейтін өте ұсақ кедір-бұдырлар. Бұларға шалғындық төбешіктер, ұсақ жемірілген қазындылар, кеміргіштердің індері, құм шағылдардың бетінде дамыған құм иіріктері (эоловая рябь) жəне т.б. жатады.
И. П. Герасимов пен Ю. А. Мещеряков бедердің генетикалық жіктемесінде планеталық пішіндер мен мегапішіндерді – геотектура, макропішіндерді морфоқұрылым (морфоструктура) деген. Олар көбінесе эндогендік процесс əрекетінен пайда болған.
Ал экзогендік процестердің əрекетінен қалыптасқан мезо- жəне микропішіндерді олар морфоскульптура (морфомүсіндер) деп атаған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет