Дәріс №2 Тақырып. Жер бедері Жоспар: «Бедер», «Бедер пішіндері»


Бедердің морфография жəне морфометриясына байланысты жіктелуі



бет3/4
Дата21.05.2024
өлшемі24.92 Kb.
#501592
1   2   3   4
2 дәріс

4. Бедердің морфография жəне морфометриясына байланысты жіктелуі
Гипсометриялық (гр. һypsos – биіктік, metreo – өлшеу ) сипаттама, яғни жер беті биіктігін өлшеп зерттеу, жер бедерінің ең маңызды морфометриялық сипаттамасының бірі. Құрлық бетін мұхит деңгейінен көтерілу мөлшеріне орай ең алдымен жазықтар алып жатыр. Жер бетінің аз тілімденген, тегіс немесе белесті болып келген кең алқабын жазық деп атайды. Қазіргі кезде Жер шарындағы халықтың басым көпшілігі жазықтарда қоңыстанған, демек жазықтар адамның шаруашылық əрекетіне өте қолайлы, елді мекендердің көбі жазықтарда орналасқан. Тегіс жерлер егін егуге, тас жолдар мен темір жолдарды, өнеркəсіп құрылыстарын салуға ыңғайлы. Сондықтан адамдар жазықтарды ежелден бері зерттеп, жан-жақты пайдаланып келеді.
Морфологиялық жағынан жазықтар тегіс, бел-белесті, жоңды, жонды-төбелі, сатылы болып келеді. Жазықтардың беті əдетте бір жағына қарай сəл еңістеу (тау алды жазығы) немесе ойысты (тау аралық жазықтар) болады. Абсолюттік биіктігіне қарай жазықтар негізгі үш түрге бөлінеді. Теңіз деңгейінен есептегенде биіктігі 200 м-ден төмен өлкені ойпатты жазық (низменная равнина) деп атайды. Абсолюттік биіктігі 200 м-ден 500 м-ге дейінгі жазықтар – қыратты жазықтар. 500 м-ден астам биіктіктегі жазықтар жайпақ таулар мен таулы қыраттардың құрамына кіреді.
Ойпатты жазық – көбінесе жазық бағытта жайласқан жас борпылдақ тау жыныстар қабаттарынан тұратын тегіс, жазық алқабы. Олар физикалық картада қою жасыл бояумен белгіленеді. Ойпатты жазықтарының теңіз жағасындағы бөлігі кейде теңіз деңгейінен төмен жатады. Оған біздің еліміз дің батысындағы Каспий маңы ойпаты мысал бола алады. Жер шарындағы ең үлкен ойпаттар – Амазонка, Батыс Сібір, Үнді Ганг, Каспий маңы жəне т.б.
Қыратты бедер нақты биіктігіне, геологиялық құрылымына жəне тілімделу сипатына байланысты қыратты жазықтарға, үстірттерге, жайпақ тауларға, таулы қыраттар мен тауларға ажыратылады. Қыраттар жəне қыратты жазықтарға нақты биіктігі 200 м ден 500 м-ге дейінгі жер бетінің кейбір үлкен бөліктері жатады. Олардың үсті тегіс, еңкіш, ойыңқы жəне дөңесті иілген болып келеді. Морфология жағынан осы екі аймақтардың ішкі өңірі жазықты, ойлы-қырлы, жонды-төбелі немесе белесті, қырқалы жəне сатылы болады. Геологиялық құрылысына қарай аккумуляциялық жəне денудациялық жазықтар деп жіктеледі.
Аккумуляциялық жазықтар жер қыртысының иіліп төмен түскен тұстарында борпылдақ шөгінділердің ұзақ уақыт жиналуының нəтижесінде құралады. Басқаша айтқанда, егер қарастырған бедер пішінінің топографиялық беті оны құратын тау жыныстарының геологиялық сипатына сəйкес келсе, бұны аккумуляциялық бедер пішіні дейді.
Жаратылыс тегіне (генезисіне) қарай аккумуляциялық жазықтар теңіздік, аллювийлік, пролювийлік, эолдық, көлдік, флювиогляциялдық жазықтарға бөлінеді.
Денудациялық жазықтар – сыртқы күштердің əсерінен ұзақ уақыт үгіліп немесе су эрозиясына ұшырап тегістелуінен пайда болатын тау жыныстары. Мұндай жазықтықтарда кішігірім таулардың жұрнақтары (останцы) жиі кездеседі. Мысалы, Орталық Қазақстандағы ұсақ шоқылы Сарыарқа даласы. Осы тұрғыдан В.Дэвистің Сарыарқаны кəдімгі пенепленмен тендестіргені де тегін емес.
Үстірт (плато) – француздың plateau деген сөзінен шыққан – жазық бағытта жайғасқан тау жыныстар қабаттарынан құралған, тегіс бетті көтеріңкі жазықтар. Бұлар төмендеу жатқан ойпатты жазықтардан құламалы кертпештер арқылы шектеледі.
Геологиялық кұрылысына қарай кұрылымдық жəне жанартаулық үстірттерді ажыратуға болады. Жанартаулық үстірт деп магмалық тау жыныстардың берік қабаттарымен тысталып қашалған түрін айтады. Жанартаулық үстірт аса зор көлемді магмалық массалардың жер бетіне шығып, төгілуі нəтижесінде пайда болған. Индиядағы Декан үстірті, Америкадағы Колумбия үстірті, Кавказ сыртындағы кейбір үстірттер осыған жатады.
Ал құрылымдық үстірттің көрнекті үлгісі – Арал жəне Каспий теңіздерінің аралығын алып жатқан кең байтақ үстірт жазығы. Геологиялық құрылысында үстірттің астыңғы бөлігінде – горизонталь жатқан палеоген кезеңінің, ал үстіңгі жағында неоген кезеңіндегі əктас, құмтас жəне əксаздан құралған денудациялық əсеріне төзімді шөгінді қабаттар жайласқан.
Қыратты аймақтардағы бедердің кең тараған шағын пішіндерінің бірі – төбелер (холмы). Сырт бейнесі жұмыр, беткейлері жайпақтау, салыстырмалы биіктігі 200 м-ден аспайтын шағын оң бедер пішіндерін төбелер дейді. Морфологиялық тұрғыдан жұмыр жəне сопақша келген оқшауланған төбелерден басқа, қырқалар, жалдар, жондар жəне шоқыларға ажыратылады. Көлденең қимасы трапеция тəрізді, ұзыннан-ұзақ жалғаса созылған, енсіз шағын қыратты қырқа деп атайды. Мейлінше енсіз, тізбектеле созылып жатқан, көлденең қимасы үшбұрышты, сүйір ұштары үшкір тістерге ұқсап иірімделген қыраттың аласа түрін жал дейді. Жон – дөңестеле түзілген, беткей лері түйетайлы, етегі айқын білінбейтін, тайқы, ұзыннан-ұзақ созыла ұласқан жұмыр баурайлы төбелердің бел-белесті бір түрі.
Үшкір төбелі, конус пішінді немесе жұмыр шыңды күмбез тəрізді төбешіктерді Қазақстанда шоқылар дейді. Камчаткада, Курил аралдарында бұл атаумен жекелеген жанартау конус тары дараланады. Кавказ бен Қырым өңірінде шоқы сөзімен лай жəне саз балшықтар атқылайтын жанартау көздерін атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет