байланысын анықтауға талаптандырады. Оқушыларды болжауға бағыттайды, өз
ойларын дәлелдеуге мәжбүр етеді. Әңгіме әдісінің барлық процесі өтілген оқу
материалын жүйеге келтіруге және жинақтап қорытуға мүмкіндік береді.
Түсіндірме-иллюстративті әдісті ақпараттық-рецептивті әдіс деп те атайды,
өйткені ол мұғалім мен оқушының іс-әрекетін бейнелейді.
Практикалық әдіс. Бұл әдіс оқушылардың әр түрлі іс-әрекеттерінде
қолданылады. Практикалық сабақтар мектеп шеберханаларында, оқу-
тәжірибе учаскелерінде, оқушылардың өндірістік бригадаларында, оқу-
өндірістік комбинаттарында өткізіледі. Оқушылар практикалық сабақтарда
оқыту машиналары ЭВМ, компьютер арқылы түрлі тапсырмаларды
орындайды.
Мұғалім ауызекі сөздердің (әңгіме, лекция, түсіндіру), баспа сөзінің (оқулық,
қосымша әдебиеттер), көрнекі құралдардың (суреттер, кестелер, кино-
диафильмдер, натуралды объектілер), практикалық жұмыстардың (тәжірибе
көрсету, станокта жұмыс істеу, есеп шығару, шығарма жазу, аннотация жазу
т.б.) көмегімен сабақта балаға білім беруді іске асырады. Сабақ үстінде
оқушылар тыңдайды, көреді, оқиды, бақылайды, сабақ үстінде тапсырманы
орындайды.
Репродуктивті әдіс — бұл әдістің негізгі белгісі еске түсіру және мұғалімнің тапсырмасы бойынша іс-әрекетінің
тәсілін қайталау болады.
Көрсетілген іс-әрекетінің тәсілдерін және оқушыларға жарияланған білімді бірнеше рет еске түсіру арқылы
тапсырмалар жүйесі бойынша мұғалім олардың іс-әрекетін ұйымдастырады. Мұғалім мазмұны әр түрлі
тапсырмалар береді, оқушылар оларды орындайды, нұсқау бойынша түрлі тәжірибені орындайды т.б. Нұсқау
тәсілдерін жетілдіру мақсатында жазба нұсқаулар, схемалар пайдаланылады, кинофильмдер көрсетіледі, ал
Достарыңызбен бөлісу: |