Дескриптор –тапсырмаларды орындау кезіндегі нақтықадамдарды көрсететін сипаттама.
Бағалау критерийі –білім алушының оқу жетістіктерін бағалауғанегіз болатын белгі.
Модерация –бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз етуүшін қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс.
Кері байланыс –белгілі бір оқиға немесеəрекетке жауап беру,үнқату, пікір білдіру.
Оқытудың күтілетін нәтижелері –білім алушының оқу үдерісіаяқталған кезде нені біліп, түсініп, нені көрсете алатынын айқындайтын құзыреттіліктер жиынтығы.
Түрлі деңгейдегі тапсырмалар –білім алушының қабілетін есепкеала отырып, дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар.
Рефлексия – қайта ойлауға және өз әрекетінің нәтижелерінеталдау жасауға, өзін-өзі тануға бағытталған ойлау үдерісі.
Рубрика –бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқужетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі.
Оқу бағдарламасы – әр оқу пәнінің мазмұнын және меңгеругетиісті білім, білік, дағды, құзыреттілік көлемін анықтайтын бағдарлама.
Ортақ тақырып –нақты пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшінтүрлі пәндер аясында білімі мен білігін біріктіретін құрал ретінде пайдаланылатын мазмұны бірыңғай ортақ компонент.
Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы – тоқсандықжиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын құрастыруға және оны өткізуге қойылатын талаптар.
Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақтақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі.
Балл қою кестесі –тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларынабалл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте.
Ойлау дағдыларының деңгейлері –әрбір деңгейі ойлаудағдыларын анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық өзара байланыстағы жүйесі.
Білім алушының оқу жетістігі деңгейі –бағалау критерийлерінесәйкес білім алушылардың оқу жетістігін дамыту деңгейі.
Достарыңызбен бөлісу: |