Дәріс №7 Буынаяқтылар типі. Гетерономды сегменттердің дамуы. Аяқтары және олардың шығу тегі. Шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер кластарының құрылыс ерекшеліктері, негізгі отрядтары, систематикасы



бет3/6
Дата28.03.2024
өлшемі113.5 Kb.
#496864
1   2   3   4   5   6
SKPGUJUNHLTV28032024212836

Асқорыту жүйесі эктодермальды алдыңғы, энтодермальды ортаңғы және эктодермальды артқы ішектен құралған. Алдыңғы және артқы ішектері қысқа, ортаңғысы ұзын. Алдыңғы ішегі әдетте кеңейген, кутикуламен астарланған және күшті бұлшықеттермен қапталынған, сұйық асты соруға бейімделген жұтқыншақ пен қарыннан тұрады.Алдыңғы ішекке шырыш бөлінген жұп сілекей бездері ашылады.Өрмекші өзінің өлтірген жемтігінің денесіне осы бездердің сөлін жіберіп, қоректі ішектен тыс қорытады да, кейін қорытылған сұйықтандырылған қоректі сорып алады. Осылайша қорытылған қорек жұтқыншақ пен қарын арқылы ортаңғы ішекке түседі. Артқы ішегі аналь тесігімен сыртқа ашылады. Өрмекшітәрізділердің көпшілігі – жыртқыштар, бірақ омыртқалы жануарлардың қанымен, өсімдіктердің шырынымен және өсімдіктердің қалдықтарымен қоректенеді.
Зәр шығару жүйесіне мальпиги түтікшелері және коксальды бездері жатады.
Тыныс алу мүшелері әр түрлі: не жапырақ тәрізді өкпелері, не кеңірдектері (трахеялары), не өкпелер мен кеңірдектері кездеседі. Өкпе қапшығымен құршаяндар, қылаяқтылар, төменгі сатыдағы өрмекшітәрізділер тыныс алады. Құршаянның алдыңғы құрсағының астыңғы 3-6-шы сегменттерінде 4 жұп тыныс саңылаулары немесе стигмалары өкпе қапшығына келіп жалғасады, өкпе қапшықтарының ішінде бір-біріне жақын орналасқан жапырақ тәрізді өсінділері бар, ал олардың арасы тар, бос қуыстық. Бос кеңістікте ауа, ал өкпе жапырақшаларын қан тамырлары торлаған. Кейбір өрмекшілердің және кенелердің тыныс алу мүшелері жойылып, бүкіл денесімен тыныс алады.
Қан айналу жүйесі ашық. Құршаянның жүрегі ұзын түтік тәрізді, алдыңғы құрсақ бөлімінде ішектің үстінде орналасқан және оның бүйір жағында 7 жұп саңылаулары бар.
Жүректің алдыңғы, артқы ( құршаяндарда) немесе тек алдыңғы жағынан (өрмекшілерде) қолқа тамырлары шығады.
Сезім мүшелері жақсы жетілген және әр түрлі. Өрмек бездері тек өрмекшілер отрядының өкілдерінде ғана бар, олар құрсағының төменгі жағында орналасып, сыртқа өрмек сүйелдерінің төбесінде ашылады. Олардан бөлінген сұйық зат ауада тез қатады да, өрмек жібіне айналады. Бұларды өрмекшілер тор құру, ұстап алған жемтігін орап тастау, жұмыртқа піллесін жасау үшін қолданады.
Дамуы. Өрмекшілер сырттай ұрықтанумен қатар, оларда іштей ұрықтануда дамып қалыптасқан. Қарапайым түрлерінде сперматофора арқылы ұрықтануы болса, күрделі құрылысты формаларында копуляция кездеседі. Сперматофор –ішінде белгілі бір мөлшерде тұқым сұйықтығы бар бөлінген аталық қапшық. Жалған құршаяндардың және кенелердің көп түрлерінің аталықтары өздерінің сперматофораларын топыраққа тастайды, ал аналықтары оны өзінің сыртқы жыныс мүшесімен іліп алады.
Құршаяндар –ұзындығы 1-20 см-ге дейін, төменгі сатыдағы өрмекшітәрізділер. Денесі 2 негізгі бөлімнен: баскеуде және құрсақтан тұрады. Тельсонның ұшында имек , үшкір шаншары бар көбікше болады, оның ішінде екі улы бездер орналасқан, өзегі шаншарға жалғасып сыртқа ашылады. Уы ұсақ жануарға қауіпті , ал адам үшін онша қауыпті емес, бірақ едәуір әсері бар.
Кенелер отряды. Ұсақ мөлшерлі, ұзындығы 0,1-15мм-ге дейін, баскеуде және құрсақ бөлімдеріне бөлінбеген, суда топырақ арасында, жер бетінде өз бетімен тіршілік етеді, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктердің паразиттері болып келеді. Жыртқыш кенелердің ауыз аппараттары сорғыш тәрізді, ал паразитік тіршілік ететін түрлерінде ауыз аппараты-тесіп-сорғыш. Ұн кенелері тұқымдасы-ұзындығы 0,5-1мм, сопақша жылтыр түсті. Астық,, ұн сақталатын қоймаларда жиі кездесіп көп зиян келтіреді. Астықпен ұнды зақымдағанда оларды қоңыр ұнтаққа айналдырып және иісі шіріген заттың исіндей, қышқыл дәмі пайда болады. Күн сайын аналығы 3-4 жұмыртқа салады.К үресу шаралары-астық немесе ұнды салқындатып, ылғалдылығын кемітіп, қоймада ауаның құрғақ болуына жағдай жасау қажет. Өрмекші кенелер тұқымдасы-ұзындығы 1мм, қоңыр ашық-қызыл түсті. Өрмек жібін шығарады. Өсімдіктердің жапырағын өрмек жібімен шырмап колония құрып тіршілік етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет