Тығыздалған ашытқы.
Тығыздалған ашытқы деп ерекше жағдайда өсірілген техникалық таза ашытқы саңырау құлақтарынан (сахаромицит) тұратын кешенді айтады. Оның сапасы МЕМСТ 171-81 стандартына сай болуы керек.
МЕМСТ бойынша оның органолептикалық сапа көрсеткіштеріне түсі, консистенциясы, иісі мен дәмі жатады.
Тығыздалған ашытқының физика-химиялық сапа көрсеткіштеріне ылғалдығы (75% - тен көп емес), көтерілу күші (70 мин-та 70 мм дейін көтерілу), қышқылдығы және (35 0С температурада) өз сапасын жоғалтпай ұстап тұру қабілеті жатады.
Тығыздалған ашытқының осы көрсетілген сапа көрсеткіштерін 171-81 МЕМСТ-да келтірілген әдістеме бойынша анықталады.
Ашытқының көтерілу күшінің технологиялық мәні зор. Бұл көрсеткіш 280 г наубайханалық ІІ сұрып бидай ұны, 160 мл 2,5 %-тік тұз ерітіндісі және 5 г ашытқыдан қамыр илену арқылы анықталады. Иленген қамырға батон сияқты пішін беріліп алдын ала қыздырылып, өсімдік майымен майланған белгілі көлемдегі ыдысқа салынады. Ыдысқа тігінен 70 мм ұзындықтағы қашықтан планка салынады. Сосын ыдыстағы қамырды 35 0С температурадағы термостатқа қамыр ашып планканың ұзындығына қарай көтерілу уақытын анықтайды. Көтерәлу уақыты минутпен есептелініп, ашытқының көтерілу күшінің көрсеткіші болып табылады. Осы уақыт аз болса, ашытқының божу белсенділігі жақсы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |