Дәстүрсіз шикі зат түрлері
Бұрын қолданылмаған шикі заттардың химиялық құрамын терең зерттеу олардың тағамдық құндылығын анықтауға мүмкіндік туғызып, оларды наубайхана өндірісінде қолданудың алғы шартын дәлелдейді. «Дәстүрсіз» терминімен аталатын жаңа өнімнің түрін қолдану мынадай жетістіктерге қол жеткізуге: нанның тағамдық құндылығын жоғарылатуға; оның физико химиялық және органолептикалық көрсеткіштерін жақсартуға; сақтау мерзімін жоғарылатуға; технологиялық процесті қарқындатуға; наубайханалық қасиеті төмен ұнды қайта өңдеу барысында нанның сапасын тұрақтандыруға; нан өнімдерінің ассортиментін кеңейтуге; химиялық құрамы өзгертілген емдік-профилктикалық мақсаттағы өнім алуға; негізгі және қосымша шикі заттарды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Мұндай шикі зат түріне мал өнімдерінен алынатын шикі заттар, өсімдік тектес шикі заттар және микроб тектес шикі заттар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |