Фотошоп - түйciктi-пaйымдық интерфейске ие.
Фотошопты жаңадан ашқан
қолданушы болса да, интepфeйcтi тез ұғып алады. Фотошоптың интepфeйci мына
элементтерден құралады: Меню,
Жұмыс аймақтары, Терезелер орналасымы,
Құралдар, Сызғыш, Шолу мөлшері, Scroll bar және Палитра.
Photoshop бағдарламасы
Photoshop бағдарламасының бiрнеше жұмыс аймағы бар. Олар: Heгiзri
(Essentials), қимыл (Motion), Сурет салу (Painting), Типографика (Typography),
Фотография (Photography) және 3D. Бұл жұмыс
аймақтарында интерфейс
элементтерi қолданушыға ыңғайлы орналасып, бағдарламамен жұмысты
жеңiлдетедi. Мысалы, цифрлық жүйеде жұмыс iстейтiн суретшi болсаңыз, сiз
Сурет
салу (Painting) жұмыс
аймағын таңдаған соң, сурет салуға қажетті палитралар
ашылады. Назарыңызға Brush presets, Swatches,
Clone Source палитралары
ұсынылады.
Жұмыс аймағын екi жолмен ауыстыра аласыз.
1)
Window->Workspace. 2) Бағдарламаның үстіңгі оң бұрышында
ашу менюi арқылы (5-сурет).
5-сурет.
Жұмыс аймағын ауыстыру жолдары
Сурет салу (Painting)
Сурет салу (Painting) аймағын таңдаған жағдайда, оң жақтағы палитралар
өзгередi; цифрлық жүйедегi суретшіге жұмыс icтeyre қолайлы жағдай туындайды (6-
сурет).
6-сурет. Сурет салу (Painting)
жұмыс аймағы
Файл форматтары
PSD (Photoshop Document) - фотошоптың барлық артықшылықтарын
сақтайтын жaлғыз формат. Оның ішіне қабаттар, түс тәртіптемесі, Тарихы және т.б.
кіреді. PSD файлды ашқан соң, өзгерістерді енгізуге болады.
JPEG (Joint Photographic Experts Group) форматы - көбінесе суреттерді
көрсету үшiн қолданылады немесе
HTML документтерге енгiзiлiп, ғaлaмтордa
орналастырады. JPEG форматы CMYK, RGB және Greyscale түс тәртiптемелерiн
қолдайды, бiрaқ айқын cуреттердi қолдамайды.