• 2002 жылы Amazon пайдаланушылар өз ақпаратын сақтап және қажетті есептеулер жүргізе алатын, өзінің бұлттық қызметін (сервис) ұсынды.
Бұлттық есептеулердің пайда болу тарихы
• 2006 жылы Amazon пайдаланушылар өз жеке меншік қосымшаларын жүктей алатын Elastic Compute cloud (EC2) қызметін ұсынды. Осылайша, Amazon EC2 және Amazon S3 сервистері бұлтты есептеулер қызметтеріндегі бірінші қызметтер болды.
• Бұлтты есептеулер дамуына Googleсо компаниясы, бизнес секторындағы веб-қосымшалар үшін Google Apps платформасын ойлап табумен өз үлесін қосты.
• Аппараттық қамтамасыз ету (атап айтқанда: көп ядерлі процессорлар құру мен ақпарат жинағыштар сыйымдылығын ұлғайту) және виртуалды технологиялардың (атап айтқанда, виртуалды инфрақұрылым құруға арналған программалық қамтама, мысалы, Xen-виртуалы) дамуы дамуға ғана ықпал етіп қоймай, сонымен қатар бұлтты технологиялардың үлкен қолжетімділігіне алып келді.
Бұлттық есептеулердің пайда болу тарихы
Алайда, қазіргі заманғы cloud computing көпшілік тарихы шамамен 2006 жылдан басталады. Дәл сол кезде, өкілділікке мұқтаж емес Amazon компаниясы веб-қызметтердің (WebServices) өзіндік инфрақұрылымын ұсынды. Ол хостингті ғана емес, сонымен қатар қолданушыға қашықтағы есептеу қуатына қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Amazon компаниясынан кейін ұқсас сервистерді Google, Sun және IBM компаниялары ұсынған болатын. Ал 2008 жылы осы жайындағы өз жоспарларын Microsoft компания жайып салды. Әрі Microsoft қызмет қана ұсынып қоймай, WindowsAzure толыққанды бұлтты операциялық жүйесін жарыққа шығарды.
Google компаниясының басшысы Эрик Шмидт бірінші рет «сloud» терминін пайдаланып, бұл бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен таралды. Басқаша нұсқасы «cloud computing» термині, Amazon компаниясы Elastic Compute Cloud (Amazon EC2) жобасын сатып алғаннан соң 2005 жылдан бастап АҚШ-та кеңінен пайдалана басталды, сонымен қатар бизнесте, ақпараттық технологияларды жеткізушілер арасында және ғылыми-зерттеу ортасында кеңінен таралды.