Дәріс Бұлттық есептеулер ұғымы


Бұлттық есептеулердің негізгі ұғымдары мен ерекшеліктері



бет3/3
Дата06.05.2024
өлшемі148.23 Kb.
#500647
түріСабақ
1   2   3
1-Бұлттық есептеулер ұғымы

Бұлттық есептеулердің негізгі ұғымдары мен ерекшеліктері

  • Бұлттық технологиялар – аппараттық жабдықтарды, лиценщиялық бағдарламалық жасақтамаларды, байланыс каналдарын, сондай-ақ тұтынушыларды техникалық қолдауды өзіне біріктіретін, ақпаратты сақтау және өңдеу үшін қолайлы орта. «Бұлттарда» жұмыс кәсіпорындардың шығындарын төмендету мен жұмыстарының тиімділігін арттыруға бағытталған. Бұлттық технологиялардың ерекшелігі аппараттық платформа мен географиялық аймаққа байланысты болу емес, ауқымдылық мүмкіндігі болып табылады. Клиент планетаның кез-келген нүктесінен және интернетке қол жетімділігі бар кез-келген жабдық арқылы бұлттық сервистермен жұмыс істей алады, сонымен қатар кәсіпорынның өзгеруші бизнес-міндеттері мен нарық қажеттілігіне жедел жауап қайыра алады.
  • Бұлттық мәліметтерді сақтау жүйесі (ағыл. cloud storage) — онлайн-қоймалар модельі, бұл жерде деректер негізінен үшінші тараптан тұтынушылардың қолданысына берілетін, көптеген желі серверлерінде сақталады. Бұл деректер сақтайтын модельде, осы мақсаттар үшін алынған немесе арнайы жалға алынған өзіндік көрсетілген серверлердің, саны немесе сервердің қандай да бір ішкі құрылымы тұтынушыға көрінбейді. Тұтынушының көзқарасы бойынша бұлт деп аталатын үлкен виртуалды серверде деректер сақталады, сол сияқты өңделеді. Физикалық жағынан мұндай серверлер географиялық тұрғысынан бір-бірінен қашық, тіпті әр түрлі құрлықтарда да орналасуы мүмкін.

Бұлттық есептеулердің негізгі ұғымдары мен ерекшеліктері

  • Бұлттық серверлерге кез-келген жабдықтан: интернетке қол жетімділік болған кезде компьютерден, планшеттен немесе смартфоннан қосылуға болады. Ол үшін техникалық білімнің қажеті жоқ – клиент жай жарлықты баса отырып сервисті алады. Әр түрлі филиалдар мен компьютерлер бойынша үлестірілген ақпараттарға қарағанда, орталықтандырылған деректермен жұмыс істеу әлдеқайда қолайлы.
  • Интернет арқылы сервистерді пайдаланудың арқасында шығындардың 70%-ға дейін азаюы. Серверлерді, кондиционерлерді, тұрақты қоректендіру көздерін, бағдарламалық жасақтама лицензияларын сатып алу, сондай-ақ жергілікті АТ маманын жалдау қажеттілігі жоқ.

Бақылау сұрақтары:

1. Бұлттық технологиялар дегеніміз не?

2. Бұлттық технологиялардың дамуына қандай факторлар ықпал етті?

3. Бұлттық мәліметтерді сақтау жүйесі деген ұғымды қалай түсінесіз?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет