Дәріс Денсаулық әлеуметтік құндылық ретінде. Әлеуметтік жұмыс: негізгі түсініктер, категориялар, бағыттар



бет7/16
Дата12.09.2022
өлшемі139.22 Kb.
#460592
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Дәріс 1.docx әлеуметтік жұмыс

Тәрбиелік тәсіл әлеуметтік жұмыскерге мұғалім, кеңесші, эксперт ретінде көрінуге мүмкіндік береді, яғни кеңес беру, оқыту, дұрыс әрекет ете білу, басқа адаммен қарым-қатынас орната білу, рөлдік ойындарды оқыту әдісі ретінде қолдануға үйретужәне т.б.
Фасилитативті тәсілде әлеуметтік жұмыскер оқу құралы немесе көмекші, тұлғаның қиын қалыптасуын игерудегі жақтаушы немесе делдал рөлін атқарады. Ол мінез-құлық түсінігіне, әрекет пен іс-әрекеттің ұқсас бағыттарын талқылауға және ішкі ресурстарды мобилизациялауға бағытталған.
Адвокаттық тәсіл – әлеуметтік жұмыскер адвокат қызметтерін нақты клиент немесе клиент топтарының атынан атқарғанда қолданылады. Мұндай тәсілді қолдана отырып, әлеуметтік жұмыскер құжаттарға негізделген кінә тағуға, нақты дәлелдерді айқындауға көмектеседі.
Денсаулық мәселелерін шешуге қатысушы әлеуметтік жұмыскер маманына кәсіби іс-әрекет басты мақсат емес, ол денсаулықты сақтау, қалпына келтіру және нығайтуға бағытталған әлеуметтік жұмыстың мазмұны мен әдістерін негіздеуші арнайы пәнаралық өзара байланысы бар нақты мәселелерді шешу құралы болып табылады. Сонымен қатар, медициналық-әлеуметтік жұмыстың әдістері осы жұмыс субъектісінің ерекшелігі болып анықталады. Әлеуметтік жұмыскер дәрігер, психолог, заңгер, педагогтармен бірігіп жеке тұлғалар мен әлеуметтік топтардың мәселелерін шешуге қатысады. Мұның өзі медициналық-әлеуметтік жұмыс сияқты кәсіби іс-әрекеттің арнайы саласына да қатысты болып табылады.

Маман құжатының екінші маңызды құраушысы – оның кәсіби дипломы бар жұмыскер деңгейінде атқаратын қызметтік міндеттерін, арнайы қызметтерін анықтау.


Ғылыми әдебиет мәліметтеріне жүргізілген талдау – тұрғындардың әр түрлі топтарына медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуге қатысушы әлеуметтік жұмыс маманының кең қызметтер тізбегін жүйелеуге және оларды медициналық, әлеуметтік және интегративті (біріктіруші) бағытталған 3 топқа біріктіре отырып, ұсынылған қағидалар шеңберінде арнайы қызметтердің жалпы тізбегін құруға мүмкіндік береді.

Медициналық бағытталған қызметтер:


• ауру, жұмысқа жарамсыз және мүгедек жандарға күтім және әлеуметтік-медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
• отбасына медициналық-әлеуметтік көмек көрсету;
• әр түрлі топтарға медициналық-әлеуметтік патронаж;
• ұзақ мерзімді аурулары бар адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету;
• паллиативті (уақытша) көмек көрсетуді ұйымдастыру;
• мүгедектікке апаратын, өлімге әкеп соғатын аурулардың қайталануының алдын алу;
• санитарлық-гигиеналық білім беру;
• клиенттің медициналық-әлеуметтік көмек алу құқықтары және мұқтаж адамдардың мәселесінің түріне қарай көмек көрсетудің тәртібі туралы ақпараттандыру;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет