Дәріс. Ір мекен-жай құрылымы. Электрондық пошта


Internet қызметі көрсетуі



бет4/9
Дата10.06.2022
өлшемі77.2 Kb.
#459083
түріПротокол
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Дәріс

Internet қызметі көрсетуі. Internet қызметі «клиент-сервер» моделі негізінде құралған. Сервер анықталған желі қызметін сақтайтын бағдарлама деп аталады. Internet желісінің басқа түйініндегі қолданушылар бұл қызметке клиент-бағдарламасы арқылы кіре алады.
Интернетте көптеген қызметтер жұмыс ітейді. Ең танымалысы- электронды пошта (E-mail)WWW мәліметтер базасы, Usenet телеконференциялар жүйесі және FТР файлдік архивтер жүйесі. Әр қызметтің өз хаттамасы болады.
Соңғы үш-төрт жылда болған аса ауқымды ақпараттар тасқыны дәл осы WWW(World Wide Web) жүйесінің және онымен байланыты хаттамалардың пайда болуынан туындаған-ды. World Wide Web қызметіндегі құжаттар үшін арнайы программалар-броузерлер болады, олар жаңағыдай құжаттарды экранда көрсете алады. Брaузердің көмегі арқылы біз WWW құжатттарының көпшілігіне шыға аламыз. Web құжаттарының кез келгенінің әдетте гиперсілтемелері болады. Гиперсілтеме- бұл басқа Web-құжаттың адресі байланысқан мәтіннің фрагменті немесе құрамдас объектісі.
Ауқымды дүние жүзілік желі Internet серверлерімен берілетін белгілі қызметтерді қарастырайық.
Электрондық пошта. Желіде қолданушылардың қарым-қатынас құралдарының бірі электрондық пошта болып табылады. Электрондық пошта Internet-тің бастауы болған және ондағы қызмет көрсетудің белгілі бір түрі болып тұр. Ауқымды және жергілікті желілерде қолданылатын электрондық пошталар бір-біріне айырмашылықтары бар.
Электрондық поштаның кез келген жүйесі 2 негізгі кіші жүйелерден тұрады:
1. қолданушы әр дайым қарама-қатынаста болатын клиенттік ПҚ
2. қолданушы– жіберушіден хабарды алуды басқаратын, хабарды беретін, пошталық жәшікке жіберетін және оның қолданушы- алушы алғанша сол жәшікте сақталуын қамтамасыздандыратын сервердік бағдарламалық қамтамасыздандыру;
Электрондық пошта жүйесінің клиентік бағдарламаларының әр түрлілігіне қарамастан, олардың бәрі ортақ қызмет атқарады:

Папкамен жұмыс істеу мүмкіндігін беретін бағдарламаларды да ерекше көрсетуге болады. Олар әр түрлі тақырыптағы хабарларды сақтау үшін өз папкаңды құруға мүмкіндік береді. Бұл өте ыңғайлы және поштаны тезірек өңдеуге мүмкіндік береді.
Конференциялар. Internet –те үлкен атаққа хабарламалық электрондық тақталар немесе конференциялар деп аталатын ашық ақпараттық топтарға хабарды жіберуді және оқуды қамтамасыздандыратын жүйелер ие. Бұл жүйе дискуссия жүргізуге және әр түрлі тақырыпта ақпаратпен алмасуға арналған. Осы тақырыптың кез келгеніне, қолданушы дискуссияға қатысу үшін немесе жаңалықтар қарау үшін жазылуына болады.
Іздеу машиналары. Internet-те ақпаратты іздеу үшін сұрау бойынша желі де кездескен сұралынған ақпарат туралы барлық мағлұмматтарды табуға мүмкіндік беретін арнайы іздеу машиналары қолданылады. Ақпараттар табылғаннан кейін қолданушы арасынан реттеп өзіне керегін алады. Сонымен бірге іздеу машиналары іздеуде қолданылатын үлкен тематикалық каталогтарды құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет