Желілік ОЖ. Қазіргі кезде екі негізгі желілік ОЖ- ны белгілеп көрсетуге болады: NetWare фирмасы Novell және Windows 2000 Server фирмалары Microsoft. Бұдан басқа ОЖ-ға кіретін желіліктер UNIX. ОЖ-ны желілік ортаның негізгі талаптарына сәйкестігінен нақтырақ келетін болсақ мүмкіндіктеріне қарай бағалауға болады :
жоғары өндіруде файлдар мен принтерлерді бірлесіп қолдану;
«клиен-сервер» архитектурасына бағытталған қолданбалы бағдарламалардың, сонымен бірге өндірушінің қолданбалы бағдарламаларының нәтижелі орындалуы;
әр түрлі платформаларда және әр түрлі желі құрал-жабдықтарымен жұмыс істеуі;
Internet-пен интеграцияны қамтамасыздандыру: TCP/IP протоколын қолдау, динамикалық қайта келтіру протоколы (Dynamic Host Configuration Protocol-DHCP), Web-сервердің бағдарламалық қамтамасыздандыруы;
желіге дистанциондық енуі;
ішкі электрондық поштаны, топтық дискуссияларды ұйымдастыру.
Айтылған желілік ОЖ-ң кез- келгені өте жақсы деп айтылуы мүмкін, бірақ біреуіде қолданушының барлық талаптарына сай бола алмайды. Барлық талаптарға сай болу үшін әр түрлі өндірушінің желілік ОЖ-ны бірлестіру мақсаттырақ болар еді. Қазіргі кезде көп желілерде бірнеше желілік ОЖ қолданылады. Әмбебаптылық пен өнімділікке жету үшін NetWare және Windows 2000 Server бірлесіп қолданылады. Сонда NetWare фирмасы файлдармен жұмыс үшін және баспаға қызмет көрсетеді, ал Windows 2000 Server- хабармен алмасу және қосымша серверлер жұмысы үшін.
Барлық берілген ОЖ-р баспа мен файлдар үшін жақсы клиенттік құралдар болып табылады. Көп өңдірушілер бір типті серверлермен жұмыс істей алатын клиентің бағдарламалық қамтамасыздандыруын шығарады. Қолданушы қай серверге қарайтынын білмеуі де мүмкін.
Ауқымды компьютерлік желілер
Ақпарат айналымындағы тұтынушылық және қазіргі техникалық жетістіктері ауқымды компьютерлер желісін мемлекеттер арасындағы байланыстың бөлінбейтін бір бөлігі болып табылады. Білімдік және ғылыми мақсаттарда, бизнес үшін, қаржы-экономикалық қызметте, бірлескен ғылыми-техникалық жобаларды тарату және т.б. қолданулар үшін көптеген глобалдық желілер құрылған.
Әлемдік бірлестікке кіретін, көптеген желіні қосатын және қолданушыға шексіз ақпарат ресурстарын беретін желіні Internet деп атайды. Желі, тор, Word Wide Web(WWW) сөздері де Internet сияқты мағынаны береді. WWW пен жұмыс істеу үшін қажетті ең белгілі бағдарламалардың бірі-Internet Explorer және Netscape Navigator.
Internet те жұмыс істеу үшін Internet ке қосылған компьютерге жалғану керек. Әдетте мұндай мүмкіндікті арнайы бағдарлама – провайдер (Internetке қосады) береді. Қызмет көрсету шартын құрғаннан кейін, Internetте жұмыс істеу үшін қажетті мәліметер беріледі. Үйде Internet ке қосылу телефондық желі арқылы жалғанады. Телефон желісі арқылы компьютерлік мәліметтерді беру үшін арнайы құрылғы-модемді қолдануға болады, ол арқылы факс алуға және жіберуге болады. Модем компьютерлік цифрлық ақпараттарын дыбыстық белгілерге жаңартып телефон желісі арқылы жібереді. Телефондық желінің арғы жақтағы модемі осыған кері процедураны орындайды. Қазіргі модемдер жақсы телефон желісінде болса 56 Кбит/с дейін жылдамдықта мәліметтерді жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |