Internet құрылымы. Ауқымды жүйенің құрылымын Internet ауқымды желісінің мысалында қарайық. 1995 ж дейін Internet желісі National Science Foundation (NSF) мен қаралды және қатан иерархиялық үш деңгеилі құрлымы болды.
Internet тің дамуымен және WWW-ң гипер мәтіндік жүйесінің пайда болуымен көптеген кәсіпорындар мен қолданушылар бұл желінің ақппараттар тарату үшін және әр түрлі жұмыс бабындағы операциялар үшін қымбат емес деген шешімге келді. Бұл Internet тің саудалық желіге айналуына әкелді. Сонда ол әжептеуір үлкейіп және байланыстар иерархиялық үш деңгейлі құрылымын көрсетуді қойды. Енді Internet желісі өзімен желілік қызмет көрсетудің аймақтық делдалдары қосылатын бір-бірімен байланысты коммуникациялық орталықтардың жиынтығын көрсетеді, яғни Internetте ауқымды желіге сәйкес құрылымы бар. National Science Foundation Internetтен кетер алдында 3 күшті коммуникациялық орталықтарды құрды: Нью-Йоркте, Чикаго және Сан-Франциско да. Кейіннен Шығыс пен Батыс жағалауларында және басқа да көп федералдық және саудалық коммуникациялық орталықтар құрылды.
Делдар мен тұтынушы өзара әрекеттері көп түйінді коммуникациялық жүйе арқылы орындалады.
Ауқымды желінің жұмыс принциптері. TCP/IP протокол байланысы үшін қолданылатын ауқымды желінің жұмыс принциптерін қарастырайық. Бұл протокол Internet желісінде де және басқаларының да негізінде жатыр. Желінің құрылымының негізін білген қолданушыға желінің әр түрлі ресурстарына кіру үшін көп істердің мағынасын түсінуге қолайлы.
Желінің архитектурасы. Архитектура желісінің негізіне хабарды берудің көп деңгейлі принципі жатыр. Төменгі деңгейде хабар өзімен алушы мен жіберушінің мекенжайы жазылған бит реттігін көрсетеді. Хабарлар желілік ақпаратпен пакеттерге бөлініп байланыс каналдарына беріледі. Бағдарламалық қамтамасыздандырудың келесі деңгейлері желінің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Интернетте TCP/IP пайдаланылады. Бұл әріптер Transmission Control Protocol/Internet Protocol (Беру басқармасының хаттамаы/желіаралық хаттама) дегенді білдіреді. ІР желідегі адрестеуге жауап береді, ал ТСР хабарларды тиісті адрестер бойынша жеткізуді қамтамасыз етеді, олар 1974 жылы жасалған.
Internetте мекен-жайлау. Желіде мәліметтермен алмасуда әр компьютердің өз жеке мекенжайы болуы тиіс. Жергілікті желіде компьютерлер мекен-жайы әдетте компьютерге орнатылған желілік тақта (Ethernet) мекенжайларымен анықталады. Түйін мекен-жайы 12-мәнді 16-лық сан. Жергілікті желінің әр сегментінде жүйелік мекен-жайы болады. TCP/IP протоколмен желілерде компьютерлер мен желілерді идентификациялау үшін 32-разрядты IP қолданылады. Бұл мекен- жайлар жазыларда төрт бөлікке бөлінеді. Әр 8-разрядты бөлігі 0 ден 255-ке дейін мән алуы мүмкін. Мысалы 234.049.123.255.
Әр желінің мекен-жайы Internet желісінің Ақпараттық орталығымен беріледі (NIC). Internet желісімен қолдану алдында кәсіпорын осындай мекен-жай алу үшін NIC-та тіркелуі керек. Егер сіз Internet желісіне қосылмасаңыз енді қосылайын деп жүрсеңіз сіздің жергілікті желіңізде IP-мекен-жайлауды қолдану мақсаттырақ болар еді. Мақсат-қажетті мекен-жай жүйелерін дайындау.
Ip мекен- жайлар желі көлеміне байланысты 3 классқа бөлінеді: А,В,С.
А классы үлкен желілерді мекен-жайға арналған және 7 разрядты бұл класс мекенжайына кіші мекенжай беріледі, 24-кіші мекен-жай компьютер ішінде; мұндай компьютерлер жиынтығымен желі сандары көп емес, теңі 127
В классы 14 разрядты желі мекен- жайына апарып және желі компьютерлер мекен-жайына 16-қ бар мекен-жай.
Көп орналасқан үлкен емес С классында желі мекен-жайына 21 разряд, компьютер мекен-жайына не бары 8 разряд апарылады. Осылай бұл желіде 255 компьютерден көп болмайды.
IP мекен-жайлар мен TCP/IP протоколымен хабарларды алуда және жіберуде қолданылады. Бірақ қолданушыға кейбір қызметтерді алу үшін басқа желі компьютерлерімен байланысты ұйымдастырғанда ыңғайлы емес. Сондықтан Internetте аттардың домналық жүйесі енгізілген (Domain Naim System-DNS). Бұл жүйеде желі компьютерлеріне қолдануға ыңғайлы сәйкес мекен-жайы тығылған аттар беріледі.
Аттардың домналық жүйесі. Internet ке қосылған компьютерлер мен желілерде домналық аттар деп аталатын белгілік иденфикаторлары болады. Бұл аттар желілер мекен-жайлары тәрізді NIC-та тіркеледі және Internet-тің мәліметтер қорында сақталады.
Домналық ат 2 бөлімнен тұрады: кәсіпорының иденфикаторы және нүктелерді бөлетін домна иденфикаторынан (жоғарғы деңгеилі домна). Мысалы, Microsoft.com. com- сауда мекемелерін идефикациялауда стандарт болатын домна идефикаторы болып табылады. Домна иденфикаторы edu білім мекемелеріне стандартты болады. NIC комитетіңде 6 стандартты иденфикаторлар тіркелген – екеуі айтылған (com ,edu), сонымен қатар gov (басқару ұйымдары) mil (әскери ұйымдар) org (саудалық емес ұйымдар) net (желілік ұйымдар). Бұл домна иденфикаторларын АҚШ ұйымдары қолданылады.
Басқа мемлекеттерде домна иденфикаторлары ретінде мемлекет атының екі әріпі қолданылады.
Желінің домналық мекен-жайы нүктемен бөлінге аттардың ретін көрсетеді. Сонымен бірге қай компьютерге мекен-жай жататынын білу оңнан солға қарай жүреді. Мысалы nvp.eku.kz компьютер Қазақстанда(kz) экономика және қаржы университетінде (eku) орналысқанын және университет желісінде аты nvp.
Internetте аттарды мекен-жайға жаңартумен DNS жұмыс жасайды. Бұл жүйе IP мекен-жай орнына домна аттарын қолдануға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |