- кешу кезеңінде меншіктің әртүрлі формаларына, соның ішінде жеке меншікке негізделген жер иеленушілердің саналуан түрлері пайда болуда. Әсіресе, бұл шаруа қожалықтарына қатысты. Бірақ экономикадағы осындай жаңа құбылыстар жерге орналстыру теориясы жағынан әлі толық зерттеліп үлгерген жок. Сол мәселелердің ішінде - ауылшаруашылық жер иеленушіліктердің құрылу жөніндегі теориялық негіздері мен әдістемесі.
Ауылшаруашылық жер иеліктерді құру жобасы бірнеше құрама бөлшектерден тұрады: 1) жер иеленушіліктің ауданын белгілеу; жер иеленушілікті орналастыру және қалыптастыру; шаруашылықтардың орталық мекендерін орналастыру; жер иеленушілікті құруға кажетті алаптардың түрлері мен аудандарын анықтау; жер иеленушіліктің межелерін жүргізу; ауыл шаруашылық территорияны реттестіру жобасын жасау. Енді әрбір құрам бөлшегінің нақты мазмұнын қарап өтелік. Жер иелеленушілікті орналастырғанда - территорияның қазіргі күні мен реттігі, яғни елді мекендердің үлкендігі мен орналасуы, жол торабы және т.б. мұқият ескеріліп отырады. Сонымен қатар жаңадан жолдар, каналдар және басқа өндіріс құралдарын салу мүмкіншіліктері мен қажеттіліктер қарастырылады. Оларға шығындалатын қаржы, олардың мөлшерлері максималды түрде қысқартылуға тиісті. Бұл үшін аталған өндіріс құралдарын барынша толығырақ пайдалану мүмкіншіліктері іздестіріледі.
- Орталық мекен мен елді мекендердің өзара және алаптар мен қатынасы ыңғайлы болуына көп көңіл бөлінеді.
- Сонымен бірге жер иеленушіліктің өзі біртұтас массив түрінде карапайым конфигурациялы болуға тиісті. Ең қолайлы квадрат немесе тік бұрыш кескін үйлесімді. Жер иеленушіліктің территориясы, мүмкіндік болғанша, өзен, жол, орман т.б. бөлшектелмеуге тиісті. Егер де оның ауданы бір қатар массивтерден құралса соңғылардың аралығын қысқартуға тырысу керек. Бөлек орналасқан шағын жер массив бірнеше шаруашылықтарға белшектемеген дұрыс.
Жер иеленушіліктің тұтастығы арнайы тұтастық коэффициентімен бағаланады. Бұл көpceткіштерді жер иеленушіліктің периметрін (км), сондай ауданды квадраттың периметріне бөлу нәтижесінде шығады:
Кт =
бұнда,
П - жер иеленушіліктің периметрі, км;
Р – жер иеленушіліктің ауданы, км2
Достарыңызбен бөлісу: |