2. Өнім шығарылымының көлеміне әсері бойынша: тұрақты - өндірілетін өнімнің көлеміне тәуелді емес шығындар (мысалы жал төлемі, амортизация, ғимаратты күту, т.б.); ауыспалы - өнім көлеміне тура пропорционалды шығындар (мысалы: шиізат және материал шығыны, технологиялық отын шығыны, т.б.) 3. Өндіріс сипаты бойынша: 3. Өндіріс сипаты бойынша: - негізгі – өнімді дайындаудың технологиялық процессімен тікелей байланысты шығындар (шикізат, материалдар, отын, өндірістік персоналдардың жалақы шығындары және т.б.);
- үстеме – кәсіпорынның жұмысы мен өнім өндіру үшін қажетті жағдай жасаумен байланысты көмекші өндіріс шығындары.
4. Өнімнің өзіндік құнына шығындарды жатқызу тәсілі бойынша: - тура – калькуляцияланатын нақты өнім бірлігіне тікелей жатқызылатын шығындар;
- жанама – бірнеше өнім түрлеріне ортақ болып табылатын шығындар
5. Өндірісте пайдалану мерзімдері бойынша: - ағымдық – күнделікті жұмсалатын шығындар;
- бір жолғы – айына бір реттен жиі іске асырылмайтын бір реттік шығындар.
6. Шығынның пайда болу орындары бойынша: - учаскелік шығындар;
- цех шығындары;
- өндіріс шығындары.
7. Экономикалық элементтер бойынша (өндіріс шығындарының сметасы): 7. Экономикалық элементтер бойынша (өндіріс шығындарының сметасы): әдетте экономикалық элементтер бойынша шығындар сметасы жасалады: жабдықтарды пайдалану және күту шығындары; цех шығындары және жалпы зауыттық шығындар сметалары. Сметалар келесі элементтер бойынша жасалады: - шикізат және негізгі материалдар, с.і. сатып алынатын жартылай фабрикаттар;
- көмекші материалдар - өндіріс процессіне қызмет көрсетеді;
- сатып алынатын отын;
- сатып алынатын энергия;
- еңбек төлемі шығындары;
- әлеуметтік салық аударымдары;
- негізгі қорлар амортизациялары;
- басқадай шығындар.
Достарыңызбен бөлісу: |