8. Калькуляция баптары бойынша: Калькуляция негізінде өнім бірлігінің өзіндік құны есептеледі. Калькуляцияда шығындаркелесі баптар бойынша топтастырылады: Өнімнің өзіндік құнын анықтау Өзіндік құн - өнім бірлігін өндіруге және өткізуге жұмсалатын барлық шығындар жиынтығы. S = Шж / Q Өзіндік құны келесідей топтастырады: - Жоспарлы өзіндік құн – жоспарланған шығындар деңгейінде анықталады.
- Нақты өзіндік құн – нақты шығындар бойынша анықталады.
- Цехтық өзіндік құн – барлық цехтар бойынша өнімді дайындаумен байланысты шығындар.
- Өндірістік өзіндік құн - өнім өндірісінің шығынының барлық түрлері.
- Толық өзіндік құн – кәсіпорынның өнімді өндіру және өткізу шығындары.
- Технологиялық өзіндік құн – технологиялық процессті орындаумен байланысты шығындардың қосындысымен анықталады.
- Ауыспалы (маржиналды).
- Тұрақты.
- Аралас.
Ауыспалы шығындар - өндіріс көлемінің өсуі мен азаюы және өнімді өткізу барысында сәйкес көбееді немесе азаяды (сомада). Бұндай ауыспалы шығындарды кейде маржиналды шығындар деп атайды. Ауыспалы шығындар түсім көлеміне шығындар деңгейін салыстыру (%) жолымен талданады. Бұл топқа кіретіндер: шикізатқа шығындар; көлік шығындары; еңбек төлеміне шығындар; өндірістік мақсаттар үшін отынға, газға және электр энергиясына; орау мен ыдысқа (қап, күпсек, қорап, жәшік және т.б.) шығатын шығын.
Достарыңызбен бөлісу: |