Әдебиеттер 2, 3, 4, 6.
Глоссарийлер(анықтама, сөздік); Адам – жер бетіндегі материалдық және рухани мәдениеттің тарихи процесінің, дамуының субьектісі , өмірдің басқа формаларымен генетикалық жағынан байланысты, еңбек құралдарын өндіру қабілеті арқасында олардан бөлніп шыққан, анық сөйлей алатын, санасы бар биологиялық-әлеуметтік тірлік иесі.
Жеке адам - әлеуметтік индивид ретіндегі, адам, қоғам мүшесі.
Игіліктер – адам мен қоғам үшін өздерінің оң немесе терісмаңызын анықтап беретін қоршаған орта обьектілеріне тән әлеуметтік анықтауыштар.
Индивид – (лат. individuum - бөлінбейтін) – Обьектілердің белгілі бір түрінен немесе класынан бөлініп шыққан жалқы, жеке обьект,2) Адам – адамзаттың жалқы өкілі, нақты антропологиялық және әлеуметтік ерекшеліктеріне қарамастан ол жеке кісі. Индивид дегеніміз қоғамдық тіршілік иесі және оның өмірінің көрінісі – қоғамдық өмірдің көрінісі болып табылады.
Табиғат - өзініңбарлық шексіз көп түрлілігімен көрінетін бізді қоршаған дүние.
Футурология – (лат.fururum – болашақ) – адамзаттың болашағы туралы мағлұмат беретін білім саласы.
Әлеуметтік - 1) тұрмыстық әлеуметтік-экономикалық жағдайларының жақындығына орай әлеуметтік топтың, таптың, ұлттың, халықтың мінез-құлқында көрініс беретін сезім, ерік, көңіл-күй, әдет-ғұрыптар, дәстүрлер жиынтығы, қоғамдық сананың бір тармағы. 2) Қоғамдық мінез-құлықтық құбылыстардың шығу, өмір сүру, өзгеру, дамуының жалпы және осыларға тән заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Әлеуметтік революция - [лат.revisio – бетбұрыс, өзгеріс] – ескіргенді жоятын және жаңа прогрессивті қоғамдық құрылысты нығайтатын қоғамдық өмірдегі түбегейлі төңкеріс; бір қоғамдық экономикалық формациядан басқасына өту тәсілі және құралы.
Әлеуметтік экология- қоғам мен табиғаттың әр түрлі қарым-қатынасын зерттейтін ілім тарауы.
14 Тақырып. Қазіргі заман мәдениетінің басты сипаттары. Дәріс мақсаты; Қазіргі заман мәдениетінің басты сипаттарымен таныстыру.