Асан қайғы. ХУ ғасырда өмір сүрген Асан қайғы атанған Хасан Сәбитұлы 1456 жылы Шу алқабында қазақ Ордасы құрылған кезде смемлекеттің ұрыншысы, насихатшысы «көшпелілер философы» атанған еді.
ХУ ғасырда өмір сүрген көрнекті ақын жыраудың бірі - Қазтуған. Қазтуған жырау Еділ бойында қазіргі Астрахань облысының қызыл жар қаласының маңында көшпелі шонжар әулетінен шыққан түркі тайпаларының ру басы көсемі, әскер бас батыры болған. Ол жорық жыршысы, артына өмір, болмыс туралы атамекен, туған ел және әскери тұрмысқа қатынасты сан алуан жырдан мол мұра қалдырған.
Х ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақтың әншә-ақындарының өкілдері - Ақан Қорамсақұлы. Ақан 1843 жылы қазіргі Көкештау облысының Айыртау ауданында Қоскөл деген жерде туған. Шын аты – Ақжігіт екен, ата-анасы еркелетіп, Ақан аттандырып кеткен. 13 жасында әкесі Ақанды діни мектепке оқуға берген. Бірақ ұғымтал, сергек ойлы бала дүлше молданың шалдыр-шатпағына көнбей, оқуды тастап кеткен. Одан кейін Қызылжар қаласында Уали дегеннің медрісенде екі-үш жылдай дәріс алған.
Сөз болып отырған кезеңдегі жыраулар тобынан Қазтуған мен Доспамбет шығармаларын алып қарасақ, бұларда кір жуып, кіндік кескен атамекен мен туған елге деген махаббат, отаншылдық сезімдерін үлкен серпінмен сипатталады.
Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар;
Қазақ философиясының дүниетанымындағы ерекшеліктерін көрсетуге болады.
Гректердің «Жеті даналарының» бірі болып саналатын бабамыздың есімін атаңыз?
Әль-Фарабидің болмыс жөніндегі ілімі
Аль-Киндидің философиялық көзқарастары
Ибн-Синаның өмір сүру мен мән-мағына жөніндегі ілімі
Ибн-Рушдтың интеллектін қалай түсінесіңдер?
Қазақ мифологиясының ерекшеліктері?
Қазақ даласының жыршысы – утопист кім?
Қазақтың дана билерін атаңыз?
Ж. Баласағұнның философиялық-этикалық ойлары қандай?
Қожа-Ахмет Яссауидің шығармашылық ойлары?
Асан Қайғының дүниетанымдық көзқарастары?
Бұқар жыраудың дүниетанымдық көзқарастарының мәні неде?
Достарыңызбен бөлісу: |