Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар;
Ислам діні - араб мәдениетінің бастамасын қалай түсінеміз?.
Исламдағы мистицизм дегеніміз не?.
Шығыс ренессансы мәдени феномен ретінде.
Ислам дінінің Қазақстандағы таралуын қалай түсінеміз?
Әдебиеттер 2-5, 7.
10 Тақырып. Орта ғасырлық қазақ мәдениеті.
Дәріс мақсаты; Орта ғасырлық қазақ мәдениеті. Ұлы Жібек жолы. Алтын Орда дәуірінің мәдениеті. Ақындар мен жыраулар шығармашылығын қарастыру.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
1. Орта ғасырлық қазақ мәдениеті.
2. Ұлы Жібек жолы.
3. Алтын Орда дәуірінің мәдениеті.
4. Ақындар мен жыраулар шығармашылығы.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);
Ұлы Жібек жолы. 629 жылы будда діндері Сюань-Цзян «қасиетті ббудданың сүйегін көріп тәу ету және дін ілімін тереңірек білу» үшін Қытайдан Үндістанға аттанды. Ол қытайдан Батыспен байланыстырған түрлі техникалық жаңалықтардың діни ойлар мен мәдени жетістіктердің жеткізушісі болған халықаралық жолмен жүреді.
Чананиден шығып керуен тартып келе жатқан саудагер көпестерге ілесіп, ұлы Гоби ІІ-У ғасырларда Жібек жолы Шығыстан Хуанхэден басталып, Лангжоу ауданы арқылы Хуахэ асуына қарай жүретін, одан әрі Тянь-Шаньнің Солтүстік сілемдерімен және Ұлы Қытай қорғанының батыс жиегімен «яшма қақпасына» дейін созылатын.
Алтын Орда дәуірінің мәдениеті. Дешті қыпшақта негізі қаланған Түркі мемлекеті - Алтын Ордада ХІІІ-ХУ ғасрларды ғылым, мәдениет және әдебиет едәуір дамып, бүкіл әлемге таныла бастаған еді. ХІ ғ ғасырдың бірінші жартысында Алтын Орда мемлекетінің Еділ бойындағы астанасы Сарай (Береке – Сарай) қаласы дүние жүзінде мәшһүр мәдени орталықтарының біріне айналды. Мұнда қысқа мерзім ішінде әлемнің әр түкпірінен атақты ғалымдар, ақындар, өнер қайраткерлері, суретшулер жиналды деуге болады. Береке өзбек, Жәнібек хандардың тұсында Алтын Орда астанасы Сарай шаһарында ислам мәдениетінің ең атақты ғалымдары (Құтб ад-Динар-Рази, Сад ад-Динат-тафтазани, Хафиз ад-Дин ал Баззави) мен ақын жазушылары өмір сүріп, еңбек етті. Бұл кезде олар Дешті Қыпшақты Батыс пен Шығысқа танытқан өздерінің ғылыми әдеби туындыларын қыпшақ тілінде жазды. Алтын Орда халқы өздерінің этникалық құрамы жағынан әртүрлі болды. Соған қарамай Алтын Орданың мемлекеттік тілі – қыпшақ тілі болды.
Ақындар мен жыраулар шығармашылығы. Ақындық және жыраулық поэзияның өзіндік сипат – белгілерін бұлардың өмір шындығын суреттеудегі көркемдік тәсілдері мен белгілі бір тарихи кезеңде аренаға шыққан авторларының нақтылығын, ғасырлар бойы өзара үзілмей келе жатқан дәстүр жалғастығын танытатын стильдік ерекшеліктерінен де көруге болады. Қазақ жырауларының сан ғасырлық шығармашылығын негізінен үш кезеңге бөліп қарастырған. Бірінші топқа жыраулық дәстүрдің негізін қалаған алғашқы өкілдері: Қорқыт, Аталық (Кетбұға), сыпыра жыраулар жатады. Бұл дәуір ХІ-ХІУ ғасырларды қамтиды. Жыраулықтың қалыптасу кезеңін белгілейтін екінші топқа Асан қайғы, Қазтуған, Шәлкез, Доспамбет шығармалары кіреді. Мұның кезеңі ХУ-ХУІ ғасырлар. Үшінші топты жыраулықтың әбден толысы,кемелденген кезеңіндегі өкілдері: Үмбетей, Жиембет, Тәтіқара, Ақтамберді, Бұқар жыраулар құрайды. Бұған ХУІІ-ХУІІІ ғасырлар жатады. Сондықтан бұл кезеңдердің ерекшеліктерін ашып әңгімелеуді, ең алдымен жыраулық поэзияның бірден-бір көрінісі – толғау жанрының туып қалыптасуынан бастау қажет дер едік.
Достарыңызбен бөлісу: |