Дәріс кешені 1 Бөлім. Мәдениет теориясы



бет2/25
Дата01.10.2023
өлшемі283 Kb.
#479343
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
лекция

Герменевтика - алғашқы мағыналары көне немесе көпмағыналы болып келетін мәтіндерді ұғындырудың әдістері туралы өнер мен ілім.
Готика, готикалық стиль – ХІІ-ХУІІ ғ. батыс-еуропа өнерінде қалыптасқан көркем, ерекше сәулетті стиль. Тасты ою және сәулетті үлгілердің тік сызықты қалыптарға сай келуімен сипатталады.
Грек мифологиясы – табиғат, қоғам және адам туралы ой-қиялыды көркемдеп бейнелейтін қоғамдық таным түрі. Құдайлар және Эллада кейіпкерлері туралы ертегі - әңгімелер жиынтығы (Эллада – грек тіліндегі Греция атауы).
Дао – қытай философиясы негізгі ұғымдарының бірі. Конфуций ұғымынша, адам жолы, яғни өнегелі тәрбие және моральға негізделген әлеуметтік тәртіп.
Декаденттік – шығармашылықтарында ой шабытынан түңілу, өмірлік мәнді мәселелерге тірелу, өзінділілік және талғамдылық басым болатын көркемөнер мектептері мен қайраткерлерін бағалауға арналған идеологиялық қалып.
Зороастризм – орта азия, иран,таяу және орта шығыс халықтарының діні. Заратуштра деген әулиенің атымен аталған. Екі қарама-қарсы бастама – мейірімділік пен өшпенділік-күресі, отты қадір тұту арқылы ұғымға тән Дін ілімі «авестеде» баяндалған.
Зиялылық, интеллигенттікзерде дамуының жоғарғы деңгейі, білімділік, сонымен бірге адамның сыртқы кейпіне сай әлпеті бар жоғары ішкі мәдениет.
Интерпретация – талдау, түсіндіру, түсінікті тілге айдару; Мәтіннің көркемдік мазмұнын стилін (тілін), құрылымдық қағидаларын талдауға жетелейтін әдебиеттерді оқып-үйрену әдісі.
Кескіндеме- бейнелеу өнерінің түрі. Ойды бейнелеудің негізгі әдістері – сызық, үзік сызық, көлеңкелі белгілер. Маңызды әрі қосымша қызмет атқаратын - түс.
Космогония – ғарыш тұтас, реттелген және дүние заңдылықтарына қатысты қарағанда ұйымдасқан нәрсе ретінде түсіндіріліп және және қабылдап отырған әлемді мифтік – діни тұрғыдан тану.
Құрылымдылық – көркем шығармашылықты индустриялы тұрмыстың тәжірибелігі мен пішіні жағынан жақындастыратын ХХ ғасырдағы өнер бағыты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет