Дәріс кешені 1 Бөлім. Мәдениет теориясы


Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар



бет20/25
Дата01.10.2023
өлшемі283 Kb.
#479343
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
лекция

Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар;
Ежелгі Шығыс славяндарының материалдық мәдениет ескерткіштеріне талдау жасаңыз?
Киев Русінің мәдениетін сипаттаңыз?
Русь пен Ұлы Дала мәдениетін қарастырыңыз?.
Мәдени реформалар дегеніміз не?.
Ресейді батыстандыру.
Революциядан кейінгі социалистік мәдениетті қалай түсінуге болатынын көрсетіңіз? Ресей мәдениетінің болашағын қарастыру.
Әдебиеттер 1-3, 5-7.


13 Тақырып. ХVІІІғ. мен ХХғ. аяғындағы қазақ мәдениеті.
Дәріс мақсаты; ХVІІІғ. мен ХХғ. аяғындағы қазақ мәдениетін қарастыру.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:

  1. Қазақстанның Ресей империясының құрамына енуі.

  2. Дүниетанымның дағдарысқа ұшырауы. Қазақ ағартушылары.

  3. Зар-заман мәдениеті.

  4. Кеңес дәуіріндегі қазақ мәдениетінің тағдыры. Тоталитарлық-әкімшілдік жүйе және ұлттық мәдениет.

  5. Қазақстандық ғылым мен мәдениет ордаларының ашылуы.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);
Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалық «көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен басталық.
Ежелгі дәуір мәдениетінің дүниетанымы – миф. Мифологиялық дүниетанымның кіндігі – кеңістік пен уақытты адаммен жақындастыру талпынысы, бағдары.
Мифологиялық уақыттың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ. Оның мифологиялық уақыттың реальды уақытпен жақындығы. Алғашқы білім жеткіліксіздігінен реалды дүниені қиял, ойдан құрастырылған жасанды аналогиялық бейнелер арқылы түсіндіргенімен, ол ақылы шарықтаған Жаңа Заман адамынан табиғатқа жақын тұр. Мифологиялық тұлға реалды уақытты өзінің виртуалды ішкі, тылсмдық уақытымен қабылдайды және ол адамдық дүниемен бірге өтеді.
Қазақ ағартушылары. Зар-заман мәдениеті. Қазақтың мәдениет туралы дәстүрлік түсініктерінде көне негіздерімен қоса мұсылмандық қағидалар қатарлана келеді.
Қазақ хандығының жау қыспағынан әлсіреп, Ресейдің отары бола бастаған кезде заман бейнесі «Жер ұйық» кейпінен «Зар - заманға» айналады. «Зар - заман» түсінігі қазақтың төл мәдениетінде қалыптасқан уақыт туралы әсерлі бейнелердің бірі болды. Бұл бейненің өзіндік ерекшеліктерінің типологиялық мазмұны терең болғандықтан оған арнайы тоқталайық.
Зар-заман деген – ХІХ ғасырда өмір сүрген Шортанбай ақынның заман халін айтқан бір өлеңінің аты. Шортанбайдың өлеңі ілгері, соңғы ірі ақындардың барлық күй, сарының бір араға тұтастырғандай жиынды өлең болғандықтан бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына «зар-заман» ақындары деген ат қойдық деп М. Әуезов көрсеткен кезең ақындардың өкілдері Дулат Бабатайұлы (1802-1874 ж), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881ж), Мұрат Мөңкеұлы (1884-1906 ж).
Зар-заман ақындарының көрнекті өкілдерінің бірі – Дулат Бабатайұлы. Ол өз шығармаларында қайырымдылық пен зұлымдылық, ризалық пен сараңдық, білім мен надандық мәселелерін талдап, шығармаларына енгізген.
Дулат ақыннан кейінгі өмір сүрген зар-заман ақындарының ішіндегі ең көрнектілерінің бірі – Шортанбай Қанайұлы. Оның философиялық толғауларының бірі «зар заман» деп аталады. Зар-заман ақындарының өкілдерінің бірі – Мұрат Мөңкеұлы. Ол қазақ жері талқыға түсіп, отаршылдыққа түскен жылдарда халқына ұран тастап, қарсы күреске шақырды.
Қазақстанда өндіргіш күштер мен халық ағарту ісін ұйымдастыру және басқаруда ілгерілеу байқалды. Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Шыңғыс ұлы Уәлиханов (1835-1865 жж.) демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі, педагог-жаңашыл және жазушы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889 жж). Ыбырай дүниетанымын қалыптасуына туған ел халық ауыз әдебиеті, прогрессивті орыс мәдениеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері өз әсерін тигізді.
Қазақ ағартушылығында қазақ халқының бүкіл прогрессивті мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл-демократ, сазгер, Абай Құнанбаев (1845-1904 жж) болды.
Қазақ рухани мәдениетінің сол тұстағы деңгейінде «Алаш» қайраткерлері алдыңғы қатарда тұр. Кейін тотаритарлық жүйе оларға әдейі «контрреволюцияшыл-ұлтшылдар» деп жала жапқан. ХХ ғасырдағы қылмыстардың бірі Кеңес Одағында жасалды. Тоталитарлық жүйе өз халқына қырғын салып (геноцид), оның этномәдени тұтастануына орасан зиян келтірді. Адамзаттың бүкіл тарихында ешбір саяси өзгеріс нақ осындай сүргінге әкелген жоқ. Этнобірігу және мәдени эволюцияны бекерге шығаратын большевиктік идеология мен практика бұрыңғы Ресей империясы топырағында құндылықтарын талан-таражға салды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет