3.Нарық механизімінің негізгі элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке қабілеттілігі. Нарық механизмінің негізгі элементтеріне жататындар: баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке. Сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасының өзгерістеріне байланысты бағалар қалыптасады.
Бәсеке - нарықта реттеушілік қызметін атқарады. А. Смит – бәсекені нарықтың - «Көрінбейтін қолы» деп атаған. Бәсеке арқылы нарықтық субъектілері өз пайдасына қарай әрекет етіп, тұтас болғанда қоғам үшін тиімділіктің негізін қалайды. Осы айтылған элементтердің өзара қатынасы арқылы нарық қалыптасады. Бәсеке – нарық субъектілерінің пайданы барынша ұлғайтуға, яғни қойылған мақсатты жүзеге асыру жолында өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күрес қатынастар ретінде көрінетін экономикалық жарысы.
Бәсекені бірнеше белгілері бойынша мынадай тұрлерге бөлуге болады: Даму масштабы бойынша: Жеке бәсеке – жеке бір қатысушы нарықтың аса қолайлы жағдайларын таңдап алуға талаптанады.
Жергілікті бәсеке – жергілікті қайсыбір территорядағы тауар иелерінің жарысы.
Сала ішіндегі бәсеке – сала ішіндегі жарыс.
Сала арасындағы бәсеке - әртүрлі сала субъектілерінің жарысы.
Ұлттық бәсеке – ел ішіндегі жарыс.
Ғаламдық бәсеке - әр түрлі мемлекет субъектілерінің жарысы.