Монополия – ерекше тауардың бір ғана сатушысы, монопсопия – тауарды бір ғана сатып алушының болуы. Сипатына және пайда болу себептеріне байланысты монополияны бөлуге болады:
Табиғи монополия – сирек кездесетін және өндірілмейтін өндіріс факторына биіктеу жағдайында пайда болады (тұтынушыларға – су отын, энергия қуатын, газ беру және т.б. фирмалар).
Жасанды монополия - фирмалардың бірігу және келісу нәтижесінде пайда болады.
Кездейсоқ монополия - өз шеңберіндегі тұтынушылардың сұраныстының ұсыныстан уақытша артуы жағдайында пайда болады.
Монополияның пайда болуының басты себебі- өндірістің және капиталдың шоғырлануы.
Шоғырланудың бағыттары
Көлденең Тікелей Диверсификация
Бір саладағы ком-паниялардың бірігуі немесе әлсіз кәсіп-орындарды күшпен тартып алу.
|
Ортақ технология арқылы әртүрлі саладағы фирма-лардың бірігуі.
|
Технология жағы-нан байланысы жоқ әр түрлі саладағы фирмалардың бірігуі.
|
Монополияның ұйымдастыру формалары:
Картель - өндірістің көлемі туралы, бағалар туралы келісу
Синдикат – кәсіпорындардың тәуелсіздігі сақталып, бірлесіп тауар өткізу мақсатымен ұйымдасқан бірлестік.
Концерн - бірнеше бағыттағы формалардың бірыңғай қаржы орталығына бірлесуі.
Конгломерат – шаурашылық іс-әрекетіне байланысы жоқ компаниялардың бірлесуі.
Монополияны шектеуге және тыйым салуға монополияға қарсы заңдылықтар қолданылады.
13-тақырып. Нарықтық жүйенің қызмет ету механизмі
Достарыңызбен бөлісу: |