14-тақырып. Фирма және кәсіпкерлік теориясы
Дәрістің мақсаты: фирманың теориялық бағыттарын зерттеу және кәсіпкерлікті ұймдастырудың негізгі нысандарын, сонымен қатар, Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуын қараыстыру.
Дәріс жоспары:
Кәсіпкерлікке түсінік
Кәсіпкерлік қызметтің ұйымды-құқықтық формалары
Кәсіпкерлік қызметтің ұйымды-экономикалық түрлері
1. Кәсіпкерлікке түсінік. Кәсіпкерлік дегеніміз - меншіктік және қарызға алынған қаржылар есебінен тауар өндіру және қызметтер көрсету үшін, осылардың негізінде пайда табу барысында шаруашылық ұйым құру. Кәсіпкерлікпен айналысатын адамды кәсіпкер деп атайды. Ол тиімді тәсілдерді амл ретінде таңдап ұйымдастырады, жаңалыққа жаны жақын, тәуекелшіл, іскер адам. Кәсіпкер үшін ең негізгісі- пайда табу.
Кәсіпкердің пайдасы мен меншік иесі кірісі арасындағы айырмашылықтарды білуіміз қажет.
Меншік иесінің табысының түрлері:
А) дивиденд;
ә) депозидтік процент;
б) рента.
Меншік иесінің белгілі бір білімі болмайды, бірақ ол өзінің қолындағысын жалға беру арқылы пайда табады. Ал, кәсіпкер үшін басты ақша емес, оның білімі, тапқырлығы болып табылады. Кәсіпкер тәуекелшілікке салынып, өзінің білімі арқасында өнім өндіріп пайда табатын адам. Сондықтан да кәсіпкер- нарықтың белсенді агенті, ал меншік иесі нарықтың пассивті агенті.
Ұйымдасуына қарай кәсіпкерлік 3-ке бөлінеді:
А) жеке-дара;
ә) аралас;
б) мемлекеттік.
2. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымды-құқықтық формалары. Меншік түрінің көптүрлілігі нарық экономикасын ұйымдастырудың шарты. Ол кәсіпкерлік формасының көптүрлілігін көрсетеді.
Қазіргі кезде экономика капиталға деген жеке меншіктікті көрсетпейді, ол ұйымдық формасына көп көңіл бөледі. Сондықтан біз кәсіпкерліктің 2 формасын қарастырамыз:
А) ұйымды-құқықтық;
ә) ұйымды-экономикалық.
Ұйымды-құқықтық формасына бастапқы кезде заңды түрде ұйымдасқан кәсіпкерлік қызмет жатады. Оның келесідей формалары бар:
Жеке фирма;
Серіктестік: толық, аралас, жауапкершілігі шектелген;
Мемлекеттік кәсіпорындар;
акционерлік қоғам (ашық типі, жабық типі).
Жеке кәсіпорын. Оны ұйымдастырушы да, иелік етуші де бір адам.
Серіктестік- жеке адам мен заңды тұлғалардың бірігуі, олардың мүшелері серіктестік міндеттемелері бойынша бірге жауап береді.
Акционерлік қоғам- бұл заңдық құқы, жарғысы бар қоғам.
Кооператив- бұл қоғам қызметі принципінде табыс табу емес, қоғам мүшелеріне көмек етіп, ықпал жасау.
Мемлекеттік кәсіпорындар-бұл заңды, экономикалық дербестігі жоқ кәсіпорындар.
Достарыңызбен бөлісу: |