5. Тұтынушылық мінез-құлық. Тұтынушылардың жалпы /түпкілікті/ және кезекті /қосымша/ пайдалықты максималдау талдамы.
Тұтыну іс-әрекетінің теориясы. Сұранымның негізін адамның тұтыну қабілеттілігі құрайды. Тұтынушының іс-әрекеті оның тұтынуының қалай қолданбауында, материалдық игіліктер мен қызмет көрсету қандай пайда әкелетіндігіне байланысты.
Тауар пайдалылығы – адамдардың қандай да болмасын тұтынысын қанағаттандыру қабілеттілігі.
Тауар пайдалылығы – жалпы және шекті пайдалылық болып жіктеледі.
Жалпы пайдалылық – адамдардың белгілі тауар мен қызмет жасау жиынтық бірлігін тұтынуға қанағаттануы. Шекті пайдалылық – қосымша пайдалылық, себебі тұтынушы тауар мен қызмет жасауға бір қосымша бірліктен алып тұрады. «Шекті пайдалылық» термині алғашқы рет 1883 жылы австралия экономисі Ф.Визер ендірді. ХІХ – ХХ ғғ. Басында ірі экономистер: Г.Госсен, К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрас, Р.Аллан, Дж.Хикс шекті пайдалылық теориясын жасады.
Қоғамдық пайдалылық тұтыну көлемінің өсуіне байланысты өсу тенденциясына ие болса, шекті пайдалылық және онымен қоса жалпы сұраным төмендеу қасиетіне ие, егер де ұсыным өссе. Бұл заңдылық «шекті пайдалылықтың төмендеу заңы» деп аталады. Шекті пайдалылық теориясының негізінде «Госсен заңының» бірінші және екінші түрлері бастау болды. Бұл заң неміс экономисі Герман Госсеннің атымен аталған. Осы заңның негізінде Госсен субъекті іс-әрекетінің рационалды ережесін суреттеп, өзінің шаруашылық қызметінен максималды пайда табуға ұмтылатындығын көрсетеді.
Бірінші заңға сәйкес, тұтынудан іс-барысында тола түсуі заттың пайдалығын төмендетіп, игіліктер қоры ұлғая түседі. Игіліктер қоры көп болса, пайдалылық төмен болады. Демек, әрбір келесі игіліктер бірлігінің бағалығы төмендейді.
Экономикалық субъект тепе-теңдік жағдайына Госсеннің екінші «заңын» қолданғанда қол жеткізеді. Ол заңның мәні мынада: игіліктің рационалды комбинациясына сол кезде жетуге болады, қай уақытта адам үшін әртүрлі соңғы тұтынылған тауарлар порциясы бірдей пайдалылық көрсетсе.
Тұтынушының ойынша, игілік қоры аз болса, онда адамның көз алдында әрбір бар тауар үлкен пайдалылыққа ие болады.
Бюджеттік сызық немесе бюджеттік шектеу екі тауардың мүмкіндігінше болатын комбинациясын көрсетеді, онда тұтынушы бар мөлшеріндегі бюджеттен және осы кездегі баға деңгейінен алып отыруы мүмкін. Әрбір тұтынушы бюджеттік шектеу шеңберінде өзінің табысын әртүрлі тұтыну тауары арасына немесе қызмет көрсетуге, салуға тырысады, себебі пайдалылықты максималдыққа жеткізу қажет.
А өнімінің саны
10
8
бюджеттік сызық
6
4
2
3 6 9 12 В өнімінің саны
Тұтынушының бюджеттік қисығы
Бюджеттік сызықтың орналасуы ақшалай табыс мөлшеріне де байланысты. Тұтынушы табысының ұлғаюы бюджеттік сызықты оңға қарай параллельді ығыстырады, ал түсуі – солға қарай ығыстырады.
Ү киім, бірлігі
А
В
Х
Тағам өнімдері, бірлігі түрінде
Тауарға бағаның өзгеруі бюджеттік сызықты оңға ығыстырады, ал бағаның көтерілуі солға ығыстырады.
Баға өзгеруінің бюджеттік сызыққа әсері
Егер бір тауардың бағасы ғана өзгерсе(мысалы, тағам өнімдеріне баға төмендейді), ал бар тауардың (киім) бағасы мен табыс мөлшері өзгеріссіз қалса, онда бюджеттік сызықтық соңғы нүктесі оңға жылжиды.
Тұтынушылардың талғаусыздық қисығы деп тұтынушыға пайдалы немесе бірдей тұтыну маңыздылығы бар екі өнімнің әртүрлі комбинациясын көрсететін қисықты айтамыз.Бұл қисықты ең алғашқы рет ағылшын экономисі Френсис Исирдо Эджворт қолданған.
Талғаусыздық қисығы талдау құралы бола отырып, әдетте шамамен «көзбен» мөлшерлеп, екі өнімге негізделеді.
Тауар У
∆У
пайдалылықтың ұлғаюы
∆Х
С
Тауар Х
Талғаусыздық қисығы
Табыс эффектісінің мәні мынада: өнімге бағаның төмендеуі кезінде ақшалай табыс мөлшерінің бұрыңғы көлемінде қалуы, тұтынушыға өнімді сандық мөлшермен көбірек сатып алуына жағдай жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |