Дәріс кешені Дәріс (қысқаша конспект) тезистері


Сыбайлас жемқорлық қылмысының жалпы криминологиялық сипаттамасы



бет15/47
Дата24.04.2022
өлшемі449.45 Kb.
#456753
түріКонспект
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47
дәріс кешені (2)

2. Сыбайлас жемқорлық қылмысының жалпы криминологиялық сипаттамасы
Криминологиялық тұрғыдан сыбайлас жемқорлық үшін мынадай ерекшеліктер тән.
Латенттіліктің жоғары деңгейі (жемқорлық құқық бұзушылықтар көлемінің ресми есебінен жасырын), ол осы қылмыстар жасалуының келістіруші сипатымен түйіндес.
Келістіруші сипат сыбайлас жемқорлықтың, әдетте, арыздарға түрткі болмайтынымен айқындалады. Кінәлі тараптар заңсыз мәміледен пайда көреді. Тіпті параны күшпен алуға қатысты шағым білдірілмейді, себебі адамдар жемқорлықпен күресу процесіне тиісті дәрежедегі сенімді білдірмейді.
Сыбайлас жемқорлықтың өзгеріске ұшырап жатқан сыртқы ортаға бейімделушілігі. Бұл мимикрия деп аталады. Ол жемқорлықтың кез келген жағдайдағы өміршеңдігін, оны айқын-даудың, дәлелдеудің қиынға түсуін түсіндіреді.
Бір ескеретін жайт, әлеуетті жемқорлар тара-пынан кез келген жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралар бірден мұқият зерттеу әрі талдау ныса-нына айналады, бұл өзіндік жемқор пиғылын іске асыруына зиян тимейтіндей етіп осы шараларды айналып өту жолдарын іздестіру мақсатында жасалады. Белгілі бір уақыт өте бұл шаралар бастапқы тиімділігінен айырылып, жаңасына ауыстырылуын қажетсінеді. Цикл қайталанады.
Мысалы, қылмыстық топтар қылмыстық қауым-дастыққа пайдалы тұлғаларды - мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың жеке қызмет-керлерін өз ортасына жұмылдыруға арнайы тыры-сып бағады, олар жемқорлыққа қарсы қызметтің қызуын бәсеңдететін қажетті нормативтік құқықтық актілердің қабылдануына ықпал жасайды, сонымен қатар бюджеттік қаражатты бөлу, ірі мемлекеттік тапсырыстарды«қалқалауды» қамтамасыз етеді.
Жаһандық сыбайлас жемқорлық.
Сыбайлас жемқорлық – ауқымды, қауіпті құбылыстың дүниежүзілік қауымдастықтың барлық елдерінің криминализациялануының бір бөлігі.
Ұйымдасқан нысандағы жемқорлықтың өсу тенденциясы.
Зерттеулер көрсетіп тұрғандай, жемқорлық құқық бұзушылықтары, әдетте, есірткіге, қару-жараққа, контрабандаға, өнер туындыларына, ши-кізат пен тауарларға байланысты операциялардың процесінде табысты қылмыстық жолмен табу, ша-ғын және орта бизнесті табысқа қатысты бопсалау-шылық, сонымен қатар басқа қылмыстық құры-лымдардың криминалдық бизнесін бопсалау арқы-лы жүреді. Жемқорлық тұрақты түрде көмекті көр-сетуге қатысты уағдаластықпен өздерінің ресми жағдайын пайдаланатын жеке тұлғалардың қыл-мыстық әрекеттерінің бүркемеленуін қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет