Дәріс кешені Дәріс (қысқаша конспект) тезистері


Әкімшілік жазалардың жекелеген түрлері



бет23/47
Дата24.04.2022
өлшемі449.45 Kb.
#456753
түріКонспект
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47
дәріс кешені (2)

Әкімшілік жазалардың жекелеген түрлері.
а) Ескерту.
Ескерту әкімшілік жаза ретінде жазбаша түрде шығарылады және құқық бұзушыны сақтандыру тәсілі болып табылады. Ескерту көпшілік жағдайда моральдық әсер ету шарасы болып табылады және жасалып жатқан құқыққа қайшы іс-әрекетті аяқталмаған сатыда тоқтату әдісі болып табылады. Ескертуді ауызша жасау әкімшілік жаза ретінде есептелмейді.
Ескертуді жазбаша түрде жасаудың қажеттілігі, егер адам құқық бұзушылықты қайталап жасаған жағдайда оған неғұрлым қатаң шаралар қолдануға мүмкіндік береді.
Ескертудің әрекет ету мерзімі болады, егер адам жазасын өтегеннен кейін 1жыл ішінде жаңа әкімшілік құқық бұзушылық жасамаса, онда ол әкімшілік жауаптылыққа тартылмаған деп есептеледі.
Егер тұлға қайтадан құқық бұзушылық жасаса, онда кодекстің 62-бабына сейкес, лауазымды тұлға әкімшілік жаза тағайындаған кезде мұны ауырлататын мән-жай ретінде қарастырады.
Ескеруді қолдану әкімшілік күштеу шарасының ең біріншісі және құқық бұзушыға өз іс-әрекетінің объективті түрде бағалауға, өзінің құқыққа қайшы іс-әрекетін тоқтатуға негіз болады. Яғни құқық бұзушыға ескерту жасау лауазымды адамның іс-әрекетінің адамгершілігін көрсетеді.
б) Айыппұл.
Айыппұл - әкімшілік құқық бұзушылық үшін Кодексте (48-б) көзделген жағдайда және шекте, әкімшілік жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сай келетін дәрежеде салынатын ақшалай жаза.
Айыппұл - әкімшілік жазалардың ең көп тараған түрі б/е. Себебі ол құқық бұзушының материалдық мүддесіне әрекет ету тәсілі.
Айыппұл мынадай мөлшерде салынады.
- жеке адамға – айлық есептік көрсеткіштің оннан бір бөлігінен.
- лауазымда адамға – бес айлық есептік көрсеткіштен.
- заңды тұлғаларға – жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы тиіс.
Жеке адамға салынатын айыппұл мөлшерін 200 айлық есептік көрсеткіштен, лауазымды адамға 400 айлық есептік көрсеткіштен, заңды тұлғаға 2000 айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.
Әкімшілік айыппұл міндетті түрде төленуі тиіс, егер құқық бұзушы дер кезінде төлемесе, онда айыппұл оның жалақысынан (стипендия, пенсия т.б) мәжбүри түрде даусыз өндіріп алынады.
Егер кінәлі тұлға жұмыс істемесе, не тұрақты жалақысы болмаса онда жаза соттық орындау тәртібімен борышкердің мүлкімен өндіріп алынады.
Егер дереу төлеуге мүмкіндігі болмаса, лауазымды тұлға айыппұлдың төленуін 1 айға дейін созуы мүмкін.
Өзіне әкімшілік тәртіппен айыппұл салынған адам бұл жаза заңсыз деп есептесе, «Азаматтың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы 19.07.95 Президентінің заң күші бар жарлығымен сәйкес, бұл шешімге шағымдануға құқылы. Шағым қаулы шығарған лауазымды тұлғаға беріледі, ал соңынан іспен бірге қарауға мүдделі органға не лауазымды адамға беріледі. Шағым 10 күн ішінде қаралуы тиіс.
Шағым берген адам мынадай құқыққа ие:
- шағым беруге негіз болған дәлелдерін тікелей баяндауға.
- тағайындалған жазаның объективті емес екендігін дәлелдеуге көмектесетін қосымша материал беруге.
- берген шағымына жазбаша не ауызша жауап алуға
- жоғарғы тұрған органға (лауазымды тұлғаға) берген арызы бойынша қабылданған шешімге шағымдануға.
- белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет